2018 жылы сәнде болатын 5 киім

2018 жылы сәнде болатын 5 киім
Фото: Pinterest

Жаңа келер жылда сәнді әрі стильді көрінгіңіз келсе, гардеробыңыздан орын алу керек киімдерге көз жүгіртіңіз.

Шалбарлы костюм
2018 жылдағы басты must have – классикалық шалбарлы костюм. Дизайнерлер мұндай костюмнің ішінен қарапайым ақ футболка немесе ерекше жейде киюді ұсынады. Өзіңізді бірыңғай қою түсті шалбарлы костюммен шектемеңіз. 2018 жылы жолақ пен тор трендте болады.

Жасанды ішік
Мұндай сыртқы киім салтанатты көрінгісі келетін әйелдерге сай келеді. Стилистер 2018 жылы ашық әрі қанық түсті қысқа ішіктер таңдауды ұсынады.

Металл көйлек
Металл жарқырауы бар киім дөрекі аяқ киіммен, классикалық туфлимен және биік өкшелі етіктермен жақсы үйлеседі. Стилистердің айтуынша, мұндай киімге жылтырақ әшекей қолданбаған жөн.

Oversize жемпір
2018 жылы кең үлгідегі жемпірлерге көз салған жөн. Мұндай жемпірді шалбармен де, белдемшемен де үйлестіруге болады. Ол жылы болуымен қатар, өте сәнді көрінеді.

Клеш шалбар
Егер сәнді шалбар іздеп жүрсеңіз, клеш шалбарларға тоқталыңыз. Мұндай шалбар аяқты ұзартып көрсетеді. Клеш шалбар жейдемен және жемпірмен жараса береді. 

А. Жапатова