Қазақ сериалы...

Қазақ киносы дамуда... Қазір кешкі уақытта Қазақша сериалдар көрсетіліп жатыр, Жалпы сол сериалдарды қарайсыз ба, Көңіліңізден шыға ма?

Меніңше қазір қайта қазақ сериалдары түріктер мен кәрістердікіне қарағанда тезірек бітеді. Бөлімдері де көп емес, жалықпайсың) "Түк дамымайды, быт-шыт" деп ауызбен орақ орудың орнына көріп шыққан дұрыс!
Меніңше қазір қайта қазақ сериалдары түріктер мен кәрістердікіне қарағанда тезірек бітеді. Бөлімдері де көп емес, жалықпайсың) "Түк дамымайды, быт-шыт" деп ауызбен орақ орудың орнына көріп шыққан дұрыс!


Ол қазір қысқа бөлімді, ертең дамығасын "қашан бітеді" деп жүрмесек игі
«Әпкені» көріп жүрмін, Д. Исабековтың «Әпкесі» желісі бойынша түсірілген! Керемет! Кезінде қойылымнан да ерекше әсер алып қатқам, сериал өте ұнап жатыр! Көріңдершііі! ( Мен үшін )))


Салтанат сен үшін көрер едім , бірақ менің мұндай сериалдарды көруге жүрегім шыдамайды, оқығасын білемін, қандай қиын екенін,
«Вопреки всему» сериалын көрдім! Ооой, мақтайтын да, «айтып-айтып» тастайтын да жерлер көп! Еркебұланды ойнаған актер ұнады! Ол «Бауыржан Момышұлы» сериалында да ойнайды екен. Бұл сериал да күшті! )))
"Күләш" телехикаясының екі сериясын көрдім. Күләш тегі періште де, елдің бәрі тек оны жек көретіндігі мен үшін қызық болды. Адам психологиясы бойынша да, ешкімге зияны жоқ адамға сондай қиянат жасайды дегенге сене алмаймын. Бәлкім, өзі бір сөздер айтып жау тауып алған шығар, бірақ ол жерін көрсетпеді.
Қазақ топтамалары тәй-тәй басып келе жатқан бала секілді. Оған анау деп, мынау деп сын айтудың керегі жоқ. Қарауын қарап алып, маған тіпті ұнамайды, қарауға тұрмайды деп шатып-пұтып отырғандарыңа жол болсын...
Жалпы сериалдар жиі түсіріледі бізде, біз тек отандық өнімдерді онша менсіне бермейміз )))
Маған Базарбаевтар, Тракторшының махабаты, телехикаялары ұнады. Шынында да қазақ телехикаялары көбейіп келе жатыр. Көбіне ситком жанрында жақсы түсіретін сияқты біздікілер.
Қазақстан Ұлттық арнасынан бүгін "Сырғалым" деген қазақша сериал көрдім. 39-бөліміне келіпті. Маған ұнады! Ұсақ кемшіліктерге көз жұмамыз. Қазақ сериалы түзеліп келеді екен. Осыған көзім жетіп, бір марқайып отырмын.
біздің үйдегілер үзбей көреді екен. мамам жақсы сериал дейді, көш жүре түзеледі