Қазақ сериалы...

Қазақ киносы дамуда... Қазір кешкі уақытта Қазақша сериалдар көрсетіліп жатыр, Жалпы сол сериалдарды қарайсыз ба, Көңіліңізден шыға ма?

"Сұңқар" ұнады маған. Көруге тұратын сериал! Тек Гауһар рөлін ойнайтын қыз аздап жаттанды сөйлейді, қалғанының барлығы жақсы сияқты)
"Бажалар" деген сериалды да рекомендеймін)) Ештеңе ұнатпайтын талғампаз әкем де қызығып көрді))

осы екеуі бір уақта болад ау дим, мен Сұңқар көріп жатсам біреулер Бажалар көріп жатырмын дид
сәлеметсіздерме. қазақ сериалдарын мүлде көрмимін деп айта аламаймын, алайда сүйіп тамашаламаймын. кино дамып келеді, бірақ актерлік шеберліктері жоқ әртістерді жинап алғандықтан ба? жоқ әлде сценарий дұрыс құрылмаған ба? кино сапасыз әрі қызықсыз болады.. Жалпы айтқанда таза қазақша және акцентсіз сөйлесе мүмкін жақсарама, кім білсін
Қай елдікі болса да сериал көргенді мүлде ұнатпаймын. Адамның уақытын ұрлап, ойланудан жатырқататын дүниелер ғой. Сондықтан аулақ жүруге тырысамын.
"Сұңқар" ұнады маған. Көруге тұратын сериал! Тек Гауһар рөлін ойнайтын қыз аздап жаттанды сөйлейді, қалғанының барлығы жақсы сияқты)
"Бажалар" деген сериалды да рекомендеймін)) Ештеңе ұнатпайтын талғампаз әкем де қызығып көрді))

осы екеуі бір уақта болад ау дим, мен Сұңқар көріп жатсам біреулер Бажалар көріп жатырмын дид

аха, екеуі бір уақытта болатын, "Бажаларды" интернеттен көрдім)
дегенмен, қазақ сериалдары, бір сөзді бір сағат жеткізетін үнді мен түрік сериалдарынан жақсы. Үйде мамам көріп отырады соларды, шыдамай шәйімді тауыспай тұрып кетем кейде :twisted:
"Көк тарландары","Тракторшының махаббаты" тамаша шыққан сериалдар.
Қазақ сериалдарына романтика жетіспейді, махаббатты, әсерлі сәттерді музыканың әсерімен әспеттеп, жүрекке әсер ететіндей етіп жеткізе алмай жатыр..... Менің ойымша саундтректер тым аз. Кореяда 1 сериалға оннан астам саундтрек жазылады. Мысалы бір ән алынса оның жылдам түрі, баяу түрі және аспаптық түрі жазылады. Кино түсірушілер осы мәселеге көңіл аударса екен деймін
жалпы қазақстандағы кино, мүлтфилм, сирялдар дамымай қалған сапалы дүниелер жоқ десемде болады. қазақтын намысын оятатын дүние жасауға сескенеді бәрі :twisted:
«Әпкені» көріп жүрмін, Д. Исабековтың «Әпкесі» желісі бойынша түсірілген! Керемет! Кезінде қойылымнан да ерекше әсер алып қайтқам, сериал өте ұнап жатыр! Көріңдершііі! ( Мен үшін )))