Ең алғашқы хат

Ең алғашқы хатты қай баладан алғаным есімде қалмапты. Есімде қалғаны- хат алғаным үшін неге жылап жатқанымды өзім білместен өкіріп тұрып жылағаным...
Мүмкін, балалығыммен қоштасып жатқаным үшін жылаған шығармын...
Мектеп кезіндегі алғашқы хаттарды еске түсіріп көрейікші... :arrow:

Хат соңында көп нүкте қоятын еді ғой
хатымыз хат болудан қалушы еді...көбіне аң-құстары көп саябаққа ұқсап кетуші еді-ау...ау
"Фараби Арыстанбеков" хатымыз хат болудан қалушы еді...көбіне аң-құстары көп саябаққа ұқсап кетуші еді-ау...ау

не дид? :D :D :D ол қалай сонда саябақ деген? :roll:
"Фараби Арыстанбеков" хатымыз хат болудан қалушы еді...көбіне аң-құстары көп саябаққа ұқсап кетуші еді-ау...ау

не дид? :D :D :D ол қалай сонда саябақ деген? :roll:


Бастауыш сыныпта оқығанда көп хат келетін. Сол хатты апайымыз көріп қойса, хат жазған адаммен қатар хатты алған адамды да есіктің қасына тұрғызып қоюшы еді. Өзі хатты оқып алып, жаман көзбен қарайтын. Содан кейін хат алудан қорқатынмын.
Ал бір кластасым хат жазбай, наурыз мерекесі жақындағанда мамасына менің мамаммен танысып ойындағысын айтсын депті. Біз концерт қойып жатқанда мамаммен танысып бәрін айтып беріпті. Мамам әлі күнге дейін оны күйеу балам дейді, мамасымен құдағай деп тұрып сөйлеседі. Оның мамасын көргенде қатты ұялам)
Есімде қалған хат маған 7 әлде 6 класта оқып жүргенде келді. Хаттың соңына с/л Жәнібек, көмектескендер Айбат, Манарбек деп жазыпты. Оқыдым да жыртып тастадым. Бір түрлі болып қалдым.
Содан кейін хат келу койды. Смс-пен жазатын) Қазір құдайдың рахаты агент бар) Кейде сағынам! Неге хат алудан қорқып жырқанымды түсінбеймін. Соған қарағанда апайым қатты қорқытқан болар)))
Хаттың соңына с/л Жәнібек, көмектескендер Айбат, Манарбек деп жазыпты. :D :D :D өлтіреді
Хаттың соңына с/л Жәнібек, көмектескендер Айбат, Манарбек деп жазыпты. :D :D :D өлтіреді

=) Олар ондайға шебер)))) Түрлі-түсті қарындаштармен бояп трұып жазыпты ғой!! :D
эх..бәрін айт та бірін айт, сол кездегі сезімнің шынайылығын айтшиш....
Түрлі түсті жапсырмалармен әрленген хатты бір жыл дайындаған шығармын. Ақыры жетпей қалды да ғой :D Жақсы болыпты)
йомайо, қалай жетпеді?? бір жылғы еңбегің?
дұрысы батылым жетпеді :D сол кезде