Бұлшықет және оған қатысты
[b:16kyp4lf]Бұлшық ет өсіруге көп адам құмар... Ал, сіздің бұл туралы пікіріңіз қандай? Әйел адамдардың бұлшықеттерін қатайтуға көзқарастарыңыз қандай? Бұлшық етті өсірудің ең тиімді жолдары қандай?[/b:16kyp4lf]
[b:16kyp4lf]Бұлшық ет өсіруге көп адам құмар... Ал, сіздің бұл туралы пікіріңіз қандай? Әйел адамдардың бұлшықеттерін қатайтуға көзқарастарыңыз қандай? Бұлшық етті өсірудің ең тиімді жолдары қандай?[/b:16kyp4lf]
Ең тиімді жолы, әрине, тренажерный зал. Меніңше әйелге де, ерге де бұлшық етті қатайту артық етпейді. Ол жақта арықтауға, не салмақ қосуға арнайы бағдарламалар бар. Мысалы, арықтау үшін калорияларды жүгірумен кетіру болса, толу үшін көп салмақ көтеріп, көп тамақ жеу керек болады. Меніңше әйел адамға ешқандай зияны жоқ. Бәрі шегімен болса, әрине.
1) Салмақты біртіндеп өсіріп отыруға тырысу.
2) Жаттығу техникасын бүге шүгесіне дейін меңгеру, (яғни сақтық шараларын меңгеру)
3) Тамақ ішуіңізді жүктемеге сай түрлендіру (неғұрлым ауыр жаттығу, соғұрлым мықты тамақтану)
4) Жиі тамақтану. -5-6 рет
5) Мүмкіндігінше барлық бұлшық еттерді біркелкі шынықтыруға тырысу (кейбір ақымақтар тек көрінетін бұлшық еттерді өсіреді, ал ол өз кезегінде травмаларға және омыртқаның қисаюы, немесе тепе-теңдгі бұзылған дене бітіміне әкеп соқтырады, қарын пресі, қолдың бицепстері әрине әдемі, бірақ аяқ пен жауырын, бел еттерін де ұмытпаймыз 60 пайыз бұлшық ет массасы аяқта)
6) Салмақ қосу үшін : араға екі-үш күн демалыс салып отыру керек
7) Дұрыс ұйқы. Кемінде 8-сағат үздіксіз ұйқтау керек. Бұлшық ет тынығу кезінде өседі.