Біздің ортада айырылысу неге көп?

Ия, бүгін үйленіп ертең айырылысып жататын жағдайлар тым көбейіп кетті. Бұл мәселені түрлі ұйымдар да, теледидардағы бірнеше бағдарламалар да дабыл қаға айтып жатыр. Жай айтып жатқан жоқ, қайтсек осы айырылысуды азайта аламыз деп жатыр. Соңғы кезде мен де осы сұрақ төңірегінде көп ойланамын. Отбасы берік болуы үшін не істеу керек? Өйткені бүгін бе, ертең бе, әйтеуір уақыты келгенде өзім де бір отбасына келін боларым анық. Көп жағдайда келіспеушілік ене мен келін арасында болады ғой. Мен былай ойлайм, әр бір бала үшін ата-анадан артық жан жоқ. Біз отбасында 3 қыз, бір баламыз. Ертең-ақ үш қыз үйден ұшып кете барамыз. Ал әкем мен анам жалғыз бауырым әкелген келінге күндері қарап қалары анық. Ал мен сол келіннің ата-анамды ренжіткендерін қаламаймын. Сол келіннен өз әке - шешемді сыйлап, оларға келген қонағын күтіп, үйдің жылылығын, тазалығын ұстап отырғанын қалаймын. Солай болса екен деп армандаймын. Ата-анам да осыны қалайтынын ішім біледі. Енді мен келін болып барар жұртым да менен осы қасиеттерді күтетіні бесенеден белгілі. Менің бауырым әкелген келін ата-анамның бабын таба білсе екен десем, өзім де барым отырған үйімдегі ата-енемнің бабын таба білуім керек қой. Үйде келіспеушілік болмас үшін, оның арты айырылысуға әкеліп соқпас үшін, қазақ келіндері осындай бір қулы ақылдылықты іске асыруы керек-ау деймін. Сонда ене мен келін арасында аз да болса кикілжің азаядыма деген ойым ғой. Айырылысуды азайту үшін тағы не істеу керек, қандай болу керек, пікірлеріңіз?

Біреуді тәрбиелеуге емес, өзімізді жөндеп, үлгі болуға ұмтылғанымыз жөн сияқты...