Біздің ортада айырылысу неге көп?

Ия, бүгін үйленіп ертең айырылысып жататын жағдайлар тым көбейіп кетті. Бұл мәселені түрлі ұйымдар да, теледидардағы бірнеше бағдарламалар да дабыл қаға айтып жатыр. Жай айтып жатқан жоқ, қайтсек осы айырылысуды азайта аламыз деп жатыр. Соңғы кезде мен де осы сұрақ төңірегінде көп ойланамын. Отбасы берік болуы үшін не істеу керек? Өйткені бүгін бе, ертең бе, әйтеуір уақыты келгенде өзім де бір отбасына келін боларым анық. Көп жағдайда келіспеушілік ене мен келін арасында болады ғой. Мен былай ойлайм, әр бір бала үшін ата-анадан артық жан жоқ. Біз отбасында 3 қыз, бір баламыз. Ертең-ақ үш қыз үйден ұшып кете барамыз. Ал әкем мен анам жалғыз бауырым әкелген келінге күндері қарап қалары анық. Ал мен сол келіннің ата-анамды ренжіткендерін қаламаймын. Сол келіннен өз әке - шешемді сыйлап, оларға келген қонағын күтіп, үйдің жылылығын, тазалығын ұстап отырғанын қалаймын. Солай болса екен деп армандаймын. Ата-анам да осыны қалайтынын ішім біледі. Енді мен келін болып барар жұртым да менен осы қасиеттерді күтетіні бесенеден белгілі. Менің бауырым әкелген келін ата-анамның бабын таба білсе екен десем, өзім де барым отырған үйімдегі ата-енемнің бабын таба білуім керек қой. Үйде келіспеушілік болмас үшін, оның арты айырылысуға әкеліп соқпас үшін, қазақ келіндері осындай бір қулы ақылдылықты іске асыруы керек-ау деймін. Сонда ене мен келін арасында аз да болса кикілжің азаядыма деген ойым ғой. Айырылысуды азайту үшін тағы не істеу керек, қандай болу керек, пікірлеріңіз?

жігіт қандай болса, қыз да сондай болады деген сөз бар еді. Соған қарағанда жігіттердің біразы өзгеріп бара жатқан секілді ғой?! Бүгінгі жастар өздеріне не керек екенін білмейді.
жігіт қандай болса, қыз да сондай болады деген сөз бар еді. Соған қарағанда жігіттердің біразы өзгеріп бара жатқан секілді ғой?! Бүгінгі жастар өздеріне не керек екенін білмейді.

"Жігіті қандай болса, қызы да сондай" емес
"уйлену оңай, үй болу қиын" деп бекерге айтпаған. Қәзір көбісі алды артын ойламайды, ерте үйленуге асығады,уйленген деген осы екен деп тек қызығушылыққа еріп кетеді, сосын жүргені "ол маған ұнамай жүр, мен оны сүймеймін" деп. Менен кейінгі іні, сіңілілерім ерте үйленіп, күйеуге шыққандары бар. Солардың көбісі бірнеше рет ажырасып, қайта қосылды. Себептерін сұрасаң баланың әңгімесін айтады. :? :roll:
Сіздердің қайта қосылғандарыңызға шын ниетіммен қуаныштымын! "Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң" деген жақсы бір қанатты сөз бар. Отбасылық ғұмырларыңыз баянды болсын.

рахмет көп-көп! Алланың құлағына шалынсын!
Қыздардың тым ақылды, тым мәнсапқорлығының да кесірі бар ма деймін. Қазір көптеген қыздар басынан сөз асырмайды, жігіттердің аузын жауып, сыйлауды білмейді. Өйткені қоғамда теңбіз деп санайды, ертең үй болғанда да сол әдеттен арылмаса, арты жаман болуы мүмкін. Жігіт жарын сыйлай білсе, келіншегі сыйлата білсе бәрі дұрыс болады деп ойлаймын. Бірақ ол үшін де ақыл мен зерде керек.

келісемін сізбен!!!!
Басқалардың әсері шығар
Махаббат бар жерде болады айрылысу
Үйленбей жатып адамды танып алмаудың әсері де шығар. Үйленуге көбіне асығыстық жасап жатамыз да ғой
Ажырасудын ар турли себептери бар айта берсен. Енемен келиспеди, кайын синилмен келиспеди, кайын ага кирди, жас кыздар кирди арасына жане кыздын уй иши кирип барин ушыктырып жиберди дегенди коп естимиз. Уйленгенен кейин, алды - артты ойлап, кейин калай омир суремиз деп, жагдайды дурыстап, бала болганда онын болашагын ойлап, омирдин ыргагымен ага беру керек гой. Ен бастысы осы ыргалып откен омирде бир-бирин тусинсе, бар киындыкка тозимдиликпен тотеп берсе ен керемет, шынайы махаббат иелеринин жануясы болар еди. Канша алга тартып тырыссан да, жаксы деп косылган жубын кери тартып турса омирин омир болмай кетеди екен.
Мен де ажырасканмын. Мине 3 жыл болды. Ажыраскан себебим жогарыда айтып кеткен адамдардын килигуи емес именно оз куйеуим болды. Ененмен келиспей калу деген жай нарсе гой. Бугин жактырмаса ертеси тилин тауып жондеп аласын, ал куйеуинмен келиспеушилик болса ол оте жаман. Айткан акылына кери жауап кайтарса, алга емес артка шегинсе, артта калганды казбалай берсе, кунде сени коргенде бир жек кориништи козбен караса, кутыла алмай журген адамдай журсе одан калса еш себепсиз урып-тепкилесе онда канша тырыссан да, канша шыдасан да, шыдамнын да шегине жетеди екенсин. Менин шыдамым осыдан кейин таусылды. Ешкашан, ешуакытта, осы дуниеде жалгыз сол калса да мен косылмас едим. Ойткени ол менин барлык омиримди, кызыкты шагымды кара тунекке айналдыра жаздады. Содан кутылганыма кудайма мын да бир шукир айтам.
қазір уйі барма жұмыссы қандай жалақысы асырауға жетеме деген түсініктен арылмай ажырасу тоқтамайды, ішкі жан дүниемен жақсы байланыс жасамайды қазір, тек материялдық тұрғыдан таңдап танысып көреді сосын ұнатқандай болады немесе ұнатуға ғашық болуға өзін итермелейді, бір күні ғашықпын деп өз өзін алдайды, мүмкін ғашық болғанда шығар, бірақ негізгі себеп материялдық жағын сұрастырып барып танысқан еді сол ғашығына, түбінде опа бермейді адамгершілікті бағаламаса, себеп бір жақты емес Еркекпен әйелде тең кінә бар, біреулері әйелін сыйламай жатырса бір әйелдер киеуін сыйламайды, оның үстіне жеңіл жүріс жасау қосылды, агент деген қосылды, бәрі қосылып от басыларын қосуға емес ажыратуға жұмыс жатыр қазіргі технология, Қазақтың салтымен дәтүрін жоғалтпай отау құрса ең сәтті отау деуге болады, еуропаша өмір таңдадыңызба онда өмір бойы бір неше рет от басын құруыңыз мүмкін