Бұл кім болды екен?

Келесі ойын эстафета түрінде болмақ, бөлімді дұрыс таңдағаныма сенімдімін.
Шарты: кез-келген қазақ өнері (музыка, кино, спорт, телерадио және т.б.) жұлдыздары суреттерін жасыру керек, ойын қызығырақ болу үшін пэйнт көмегімен суретті өңдеуге болады (қиюға, бояуға, жазу жазуға, бұлыңғыр немесе жарық пен контрастты көбейтуге, фотошоп және т.б.), не істесеңіздер де суреттегі тұлғаның кім екенін табуға барынша қиын болсын. Ал егер тұлғаның өзгертпей-ақ тану қиын суреттерін тапсаңыз тіпті жақсы (көзілдірікпен тұрған, макияжсыз, бала кезіндегі, көшеде, көлікте, үйде, далада және т.б.). Әлбетте, дұрыс жауап бере алған адам келесі жұмбақты жасыра алады.
Жұмбақты шешушілер жауаптың дұрыс я бұрыс екенін жасырушы нақтыламайынша күту керек, ал жасырушы тиісінше өз кезегінде жауап дұрыс табылғанда суреттің түпнұсқасын салады.
Ендеше кеттік, мынау кім болды екен (енді басталып жатқандықтан оңаааай сурет таңдадым, арамызда костюмінің жеңінен-ақ бірден танитындар бар екеніне сенімім мол):

Алақай :) Мына кісі кім? ;)
Алма Аманжолова емес па?
жоқ, ол емес, көмек берейін, опера айтады )
дариға назарбаева
ал табындар
кішкене "подсказка"жасасаныз!
Мақпал Жүнісова??? :lol:
Роза Әлқожа ғой,қателеспесем...
Роза Әлқожа ғой,қателеспесем...

дурыс таптыныз
Ал,мынау кім?