Бұл кім болды екен?

Келесі ойын эстафета түрінде болмақ, бөлімді дұрыс таңдағаныма сенімдімін.
Шарты: кез-келген қазақ өнері (музыка, кино, спорт, телерадио және т.б.) жұлдыздары суреттерін жасыру керек, ойын қызығырақ болу үшін пэйнт көмегімен суретті өңдеуге болады (қиюға, бояуға, жазу жазуға, бұлыңғыр немесе жарық пен контрастты көбейтуге, фотошоп және т.б.), не істесеңіздер де суреттегі тұлғаның кім екенін табуға барынша қиын болсын. Ал егер тұлғаның өзгертпей-ақ тану қиын суреттерін тапсаңыз тіпті жақсы (көзілдірікпен тұрған, макияжсыз, бала кезіндегі, көшеде, көлікте, үйде, далада және т.б.). Әлбетте, дұрыс жауап бере алған адам келесі жұмбақты жасыра алады.
Жұмбақты шешушілер жауаптың дұрыс я бұрыс екенін жасырушы нақтыламайынша күту керек, ал жасырушы тиісінше өз кезегінде жауап дұрыс табылғанда суреттің түпнұсқасын салады.
Ендеше кеттік, мынау кім болды екен (енді басталып жатқандықтан оңаааай сурет таңдадым, арамызда костюмінің жеңінен-ақ бірден танитындар бар екеніне сенімім мол):

Дұрыс болса, келесісін жасырса игі
Без имени.jpg
мынау бір депутат шығар ;) Тууууу, мен қашан табар екем :( Сурет жасыру бұйыра ма бізге осы
Мұхтар Құл-Мұхамед қой!
жасыр Ардақ
Ал мынау кім? Мен оны сүйемін! Соны жеңілдік ретінде айта кетейін :)
90 келілік сұлу! саған семіз қыздар ұнайды деп ойламап едім :mrgreen:
Дәл таптың! Ойласаң да ойламасаң да жасыр енді :)
Без имени.jpg
Ақмаржаншыл әнші - ЗАТТЫБЕЕЕЕЕЕК!!! хехехе