Бұл кім болды екен?

Келесі ойын эстафета түрінде болмақ, бөлімді дұрыс таңдағаныма сенімдімін.
Шарты: кез-келген қазақ өнері (музыка, кино, спорт, телерадио және т.б.) жұлдыздары суреттерін жасыру керек, ойын қызығырақ болу үшін пэйнт көмегімен суретті өңдеуге болады (қиюға, бояуға, жазу жазуға, бұлыңғыр немесе жарық пен контрастты көбейтуге, фотошоп және т.б.), не істесеңіздер де суреттегі тұлғаның кім екенін табуға барынша қиын болсын. Ал егер тұлғаның өзгертпей-ақ тану қиын суреттерін тапсаңыз тіпті жақсы (көзілдірікпен тұрған, макияжсыз, бала кезіндегі, көшеде, көлікте, үйде, далада және т.б.). Әлбетте, дұрыс жауап бере алған адам келесі жұмбақты жасыра алады.
Жұмбақты шешушілер жауаптың дұрыс я бұрыс екенін жасырушы нақтыламайынша күту керек, ал жасырушы тиісінше өз кезегінде жауап дұрыс табылғанда суреттің түпнұсқасын салады.
Ендеше кеттік, мынау кім болды екен (енді басталып жатқандықтан оңаааай сурет таңдадым, арамызда костюмінің жеңінен-ақ бірден танитындар бар екеніне сенімім мол):

Рахмет, Мика! Ал мынау қай марғасқа?! :)
Мұрт болмағанда Сәкен Рақышев дер едім,,, қай саланың марғасқасы екенін білсек деп едім...
біліп отырмын кім екенін, бірақ айтпаймын :D
Құдайбергенов қой, есімін ұмытып тұрмын, Құбайбергеновтер отбасы... Ерболаттың әкесі
Құдайбергенов қой, есімін ұмытып тұрмын, Құбайбергеновтер отбасы... Ерболаттың әкесі

Қанат Құдайбергенов пе?!
Бір көмек берейін, Ареке ренжімес, ай-ай, мына кісіні қалайша шатастыруға болады?! "Жармақ" ше?!
мұхтар мағауин деп куып кетсем ә :lol:
қуып кетпей ақ сол ғой :D
"Салтош" мұхтар мағауин деп куып кетсем ә :lol:





жалғастыра бер...
ал табындар