Бұл кім болды екен?

Келесі ойын эстафета түрінде болмақ, бөлімді дұрыс таңдағаныма сенімдімін.
Шарты: кез-келген қазақ өнері (музыка, кино, спорт, телерадио және т.б.) жұлдыздары суреттерін жасыру керек, ойын қызығырақ болу үшін пэйнт көмегімен суретті өңдеуге болады (қиюға, бояуға, жазу жазуға, бұлыңғыр немесе жарық пен контрастты көбейтуге, фотошоп және т.б.), не істесеңіздер де суреттегі тұлғаның кім екенін табуға барынша қиын болсын. Ал егер тұлғаның өзгертпей-ақ тану қиын суреттерін тапсаңыз тіпті жақсы (көзілдірікпен тұрған, макияжсыз, бала кезіндегі, көшеде, көлікте, үйде, далада және т.б.). Әлбетте, дұрыс жауап бере алған адам келесі жұмбақты жасыра алады.
Жұмбақты шешушілер жауаптың дұрыс я бұрыс екенін жасырушы нақтыламайынша күту керек, ал жасырушы тиісінше өз кезегінде жауап дұрыс табылғанда суреттің түпнұсқасын салады.
Ендеше кеттік, мынау кім болды екен (енді басталып жатқандықтан оңаааай сурет таңдадым, арамызда костюмінің жеңінен-ақ бірден танитындар бар екеніне сенімім мол):

101 тобындағы жігіт емес пе?
Жоқ,мүлдем алыс кеттіңіз))
"Нұргүл" Жоқ,мүлдем алыс кеттіңіз))

мүлдем алыс, яғни, әнші емес болды ғо...
мущщина
Жоқ әнші ғой. Сіз айтқан топқа қарама-қарсы бағыттағы әнші. Көмек болсын, ол кісінің жұбайы да өнер адамы. Жұлдызды жұп,қазақы жұп. ;)
Тоқтар Серік паааа?
"Нұргүл" Жоқ әнші ғой. Сіз айтқан топқа қарама-қарсы бағыттағы әнші. Көмек болсын, ол кісінің жұбайы да өнер адамы. Жұлдызды жұп,қазақы жұп. ;)

Тоқтарды танымай қалғанымды өзіме үлкееееен сын санаймын, нешеме жылдан бері суретін жинап жүрсем де мынадай суретін таппаппын. Тезірек толық нұсқасын салыңызшы, кәллексияма қосып алайын...
"Ақжелең" Тоқтар Серік паааа?


дәл өзі сияқты ғой:
Мына сері кііім? бетін бояғаным үшін сөкпессіздер, жасырудың басқа амалын таппадым:)))
Кинода Сартай, өмірде Асылхан ғой