Автобус жүргізушілері
Автобуспен жүрмегелі көп болды. Меніңше, автобус жүргізушілерін жұмысқа алмас бұрын психологиялық тапсырмалар беріп, олардың денсаулығын, біліктілігін тексеру керек. Менің әкем жас кезінде ( ол кезде кеңес заманы) автобус айдаған. Оның айтуы бойынша, оларды жұмысқа алмас бұрын, олар қиын тапсырмалар орындаған, бірқатар сынақтардан өткен. Сондай-ақ, олар белгілі бір форма киген, рейске отырмас бұрын медициналық тексеруден өткен. Қозғалыс басталғанда өзін таныстырған, жолаушылармен сәлемдескен. Міне, нағыз автобус жүргізушісі! Меніңше, бізге осындай талаптар ауадай қажет.
"Оңай" электронды билет жүйесін қолданып көргендер бар ма?