Автобус жүргізушілері
Автобуспен жүрмегелі көп болды. Меніңше, автобус жүргізушілерін жұмысқа алмас бұрын психологиялық тапсырмалар беріп, олардың денсаулығын, біліктілігін тексеру керек. Менің әкем жас кезінде ( ол кезде кеңес заманы) автобус айдаған. Оның айтуы бойынша, оларды жұмысқа алмас бұрын, олар қиын тапсырмалар орындаған, бірқатар сынақтардан өткен. Сондай-ақ, олар белгілі бір форма киген, рейске отырмас бұрын медициналық тексеруден өткен. Қозғалыс басталғанда өзін таныстырған, жолаушылармен сәлемдескен. Міне, нағыз автобус жүргізушісі! Меніңше, бізге осындай талаптар ауадай қажет.
Басқа жақтарды қайдам, біздің қалада жүргізушілер автобусты қатты айдамайды. Жүргізушілердің бәрі ақ көйлек киіп, галстук тағып отырады. Түсетін аялдамаң туралы сұрасаң, жақсылап түсіндіріп береді. Айтпақшы, бізде ешқандай автобустарда "контролер" деген атымен жоқ. Жол ақысын жүргізушіге береміз де, алдыңғы есіктен шығамыз.
Арайлым, негізі жүрмейді. Тек бір этажды
Арайлым, негізі жүрмейді. Тек бір этажды
Қостанайда екі этажды автобустар болған соң, Алматы секілді үлкен қалада да бар шығар деп ойлағам. Негізі, екі этажды автобустың екінші этажына мінсең, жүргізушісі жоқ автобуспен келе жатқандай болып, бәріне биіктен қарап отырасың.. Және 2 этажды автобустар 18 нөмірлі маршруттарға ғана берілген. 10 шақтысы бар-ау деймін қалада.