Автобус жүргізушілері

Автобуспен жүрмегелі көп болды. Меніңше, автобус жүргізушілерін жұмысқа алмас бұрын психологиялық тапсырмалар беріп, олардың денсаулығын, біліктілігін тексеру керек. Менің әкем жас кезінде ( ол кезде кеңес заманы) автобус айдаған. Оның айтуы бойынша, оларды жұмысқа алмас бұрын, олар қиын тапсырмалар орындаған, бірқатар сынақтардан өткен. Сондай-ақ, олар белгілі бір форма киген, рейске отырмас бұрын медициналық тексеруден өткен. Қозғалыс басталғанда өзін таныстырған, жолаушылармен сәлемдескен. Міне, нағыз автобус жүргізушісі! Меніңше, бізге осындай талаптар ауадай қажет.

Автобус жүргізу оңай шаруа емес. Әсіресе жол кептелісі, маршрутта өзара уақытқа, адамға таласуы - осының баршылығы жүйке жұқартады. Оның үстіне келіп тілі қышитын орыс кемпірлер, көкбет өз апаларымыздың аузына келгенде айтып , автобусты шулатып жатады. Өзім кезінде сонда жұмыс жасаған айтып отырмын

Дұрыс айтасыз. Оның үстіне оларға "план" өткізу керек, ол болса көп. Сондықтан да, өзіне де тиын-тебен қалу үшін олар асығып, бір-бірінен озып жүреді.
дүиенің өзі сол емес пе?! Нағзы өмір автобус жүргізушілерінде...
кейде автобус жүргізушілрені қарап жалғанның жалған екенін бағамдауға болады
Бүгін Алматыда 48-маршрут жүргізушілері наразылық танытып, жұмысқа шықпапты.
бүгін бір "мәдениетті" кондукторды көрдім. Өзі қазақ жігіті екен. Автобустың бас жағына барды да, біреуді сықпыртып боқтап алды. Боқтамас бұрын кешірім сұрап барып боқтайды екен.
Алматының жүргізушілер Шумахэрден қалмайтын шығар. Зулайды ғой тегі
29 автобуспен жүрем. Қатты айдайтыны болмаса, іші таза. Валидатор бар. Жүргізушінің формасы бар. Барлық жүргізуші осындай әдемі форма киіп айдаса ғой дейсің...
Біздің ауылдың автобус жүргізушілері арнайы форма кимейді. Бірде Саяхаттан шыға бере қаланың бір автобусымен қатар келіп қалды, екеуі де жол бергісі келмей бір-біріне. Бір кезде біздің жүке: «Өй, мынау форма кигенге сыпайы шығар десем, өзім сияқты екен ғой» деп қалжыңдап ед ).
29 автобуспен жүрем. Қатты айдайтыны болмаса, іші таза. Валидатор бар. Жүргізушінің формасы бар. Барлық жүргізуші осындай әдемі форма киіп айдаса ғой дейсің...

cол Қытайдың автобустарына отырмаңдар. Газбен жүретіндерін айтам. Зиян дид. Жүргізушілері ауру болып, жақпай, басқа автопарктерге ауысып жатыр екен.
Бір ретте терезесінен біреумен төбелесіп кеткенін көргенімде қатты шошынып қалған едім... Өздері мәдениетсіз, жаман сөздер айтады ғой..