Мейіргүл мен Шахмұраттың айтысы. ХХІ ғасыр ЭЛЕКТРОНДЫ АЙТЫС.

Аман ба алты алаш ел арындаған,
Жүрегінен жыр иман арылмаған.
Аманба "массагеттік" марқасқалар,
"Биссимилла" сөзімен іс бастаған.
Тектілердің ұлы едік тегін тумас,
Шаршы топта сөз айтсам айып болмас.
Қайда кеткен жалғасы жақсылардың,
Өлеңнен өрнек өре бақ сынадым.
Саралардың сарқыты барма мұнда,
Біржанның көзі келді алдарыңа!

Оу,
Өлеңің аспай қырқаны
Аяғын теңдей баспай тұр?
Шабытыңыздың тұлпары
Тұяғын іркіп, шаппай тұр?..

Жырыңның көрдім деңгейін,
Сыналған жоқсың бүтіндей.
"Сынай түс!" деген желдей үн
Жүрегім айтқан үкімдей...

Өзің де жұмбақ жан ба едің
Көңілге күмән тастама-ай...
Тағы бір шартым бар менің
Өнерің бар ма басқалай? :?:
Қыран құс қанат қақса жемтік алар,
Тазы ит қан сонарда ойран салар.
Меніңде бойымда бар жеті өнерім,
Өнерге құмар болып жетілгенмін.
Үніндей сол қастерлі жетігеннің,
Бойымда тулап жатыр жеті өнерім.
Тілмен түйген түйінді шеше алардай,
Шешендік өнер берген жаппар алла-ай.
Асабалық етемін азды - көпті,
Жігітпін анық сөйлер білсең сертті.
Арғы бабам Тоныкөк, Білгелердей,
Көкпар тартып есейгем ат терлетпей.
Ана тілім қастерім қанға сіңген,
Ана тілмен қосымша бес тіл білем.
Әу, демейтін қазақ жоқ қарап тұрсам,
Мына менде аз-маздап өлең айтам.
Қазағымның базары ДОМБЫРАСЫ,
Мен де жақсы тартамын домбыраны.
Темір тұлпар құмартқан бала жастан,
Темір тұлпар жөндеймін ойланбастан.
Сұлуым міне менің жеті өнерім,
Жаныма жайғассаншы Гүлкерімім.
Ойыңда бар өлеңің,
Бойыңда өнер көп екен
Бейтаныс бұл Шахмұрат
Сегіз қырлы сері екен.

Ақын жігіт Шахмұрат
Ер жігітке сай атың
Бұдан басқа өзіңе
Талабым жоқ қоятын...
Жан едім өзгелерден жаны бөлек,
Қайтерсің Мейіргүлім жанымды егеп.
Таусылса маған қояр сенің шартың,
Жақын келіп сезімнен алау жаққын.
Жұбатайын жылаған жүрегімді,
Қабыл көрсе жаратқан тілегімді.
Бір той болсын тәңір ай МАССАЕТТЕ,
Бір ой жасап берейік МАССАГЕТКЕ.
Өрге жүзсе өнерің,
Қыз-қырқындар қостады.
Жауап жаз деп ағасы,
Қаққыладың поштаны.

Жатқаннан соң үлгермей
30 минут бер деп ем.
Жарты сағат күтсін деп
Жауабымды бермеп ем.

30 емес, 25
Минут берем дедің-ау.
5 минутын аяған
Бұл Шахмұрат керім-ау...

Мінезі де қатал-ды
Ақынжанды батырдың.
Қаталдықтан қорқамын
Үрейленіп жатырмын :shock:
Үкім айту бар біздің қанымызда,
жаратқаннан берілген хақымызға.
Жиырма беспен отызда бар айырма,
Әр өлеңде болады бір қайырма.

Мінезді еркек жақсы ғой бағамдасаң,
Құр қалармын өзіңнен аяңдасам...
Сауалыма жауап бер нақты ғана,
Куәгер болсын мына халқым дара.

Анам отыр үйімде келін күтіп,
Ақ жаулығын тұмарлап ниет етіп.
Сол ананың ақталғай ақ ниеті,
Жауап бер жүрегімнің Керімгүлі :!:
Бұл ғазиз бас ерінің
Қадіріне жетсе егер
Сіз секілді серінің
Еншісінде кетсе егер...
Арманыма жетермін
Талабым да жоқ болар.
Өкінбей-ақ өтермін
Қайран көңіл тоқ болар...
Ақ келін түсер болды шаңыраққа,
бір ұлық той болады шаңырақта.
Нәтежеге бастайық енді бөлек,
Жансың ғой менің үшін орны бөлек

Ғалам тордан шығайық жанды арбаған,
Ғашықтарға ұқсайық аңыз болған.
Мен Төлеген, Сен Жібек...
Ұғынысқан тек үнсіз ортақ жүрек.

Хабарласып жүрейін түн баласы,
Қанша екен қалқамның номерасы?
Сағынғанда қауышар оңашада,
Үйіңнің мекен еткен саны қанша?
Пысық-ақсың байқасам
Жұмбақ болып жүрмедің
Телефонды айтпасам
Ұяңдығым бұл менің.

Байланысты үзбесем
Батылдыққа баларсың
Мейіргүлді іздесең
Массагеттен табарсың...
Массагеттен табармын іздегенде,
Жүрегім алып ұшат сіз дегенде.
Телефонды бермедің себеп тауып,
Болардай әлде неден келер қауіп.

Керімім наздансын көктем күндей,
Қайтерсің сен тегінде төзімді егей.
Құда түсіп барамын Күзге жетпей,
Жүрегімді меңдедің білсең дерттей.