Мейіргүл мен Шахмұраттың айтысы. ХХІ ғасыр ЭЛЕКТРОНДЫ АЙТЫС.

Аман ба алты алаш ел арындаған,
Жүрегінен жыр иман арылмаған.
Аманба "массагеттік" марқасқалар,
"Биссимилла" сөзімен іс бастаған.
Тектілердің ұлы едік тегін тумас,
Шаршы топта сөз айтсам айып болмас.
Қайда кеткен жалғасы жақсылардың,
Өлеңнен өрнек өре бақ сынадым.
Саралардың сарқыты барма мұнда,
Біржанның көзі келді алдарыңа!

Нендей ой тұмшалады санаңызды,
Пайымда айтпап едім санасызды...
Қайымда артық ауыз үн қатпадым,
Несіне себепсізден айыптадын.
Жазығым сізді онан қызғанғаным,
Өзіңізге арналып арман әнім...
Жастық жайлы көп аңыз шертілетін,
Тәтті қиял армандар мен білетін...
Жақсылыққа жетейік көз көретін.
Оу, Шахмұрат
Мына өмірдің өткінші
Махаббат па өзегі?!
Жігіттердің әйтеуір
Білетіні "сөз" еді :D
Тынбайсыз-ау жетпесең
Жеріңізге межелі ;)
Сөз салуың оп-оңай
Сезіміңіз тез еді :lol:
Бұл Мейіргүл өтірік
Сезімдерден мезі еді
... Келгендей ме бізге де,
Сұрақ қою кезегі :arrow:

Арқау болсын жырыма
Біржан-Сара айтысы
Шын мәнінде айтыста
Жеңіп шықты қайсысы?
Жалған емес өз сөзім саған айтқан,
Адамға қол жетпестің бәрі арман.
Жігіттерден шаршадым деп айтасың,
Ұға алмадым сырыңды сенің қалқам.
Жігіттерге алданып қалған жандай,
Айтасың сөздеріңді олай-бұлай...
Мен сені Сара ақынның сөзі дедім,
Көненің қастерленген көзі дедім.
Менің гүлім болыңыз бағымдағы,
Сыңар аққу болыңыз жанымдағы.
Қайтеміз бөтен сөзді сырғақтатып,
Сезім жырын айтайық асқақтатып.
ОТ АНАСЫ болыңыз шанырақтың,
Ұлық тойын жасайық атыраптың.
Сауалыңа қатайын жауабымды,
Тіптен қызық көрдім мен сауалыңды.
Дүбірлі сол айтыста ДОСТЫҚ жеңген,
Қос ақын ғаламатын дүйім көрген.
Қай сасқаның ағасы,
Сөзді осыған бұрғаның
Алдандың ба қалқам деп
Күмән қылып тұрғаның :(

Бұл сөзіңді өзгеге айт,
Күйін қайтем басқаның
Қазағымның қызына
Айтқаның қай сасқаның? :oops:

Қыз Жібек пен Баянның
Көзі болсам деп едім
Сара қыздың салмақты
Сөзі болсам деп едім

Қазағымның әр салтын
Аялаған мен едім
Мен қазайын ендеше
Тұнық тілдің тереңін

Тұяғы ма ең Біржанның
От жырыңыз өрісті
Өнеріңіз өрелі,
Өлеңіңіз келісті.

Біраз білдім өреңді
Айтысқанда мен кеше
Дайын болсаң, сабазым
Шарт қояйын ендеше :!:
Ақын Сара ардақты көзі дейін,
Ұлбике, Ырыстының сөзі дейін.
Мен артық айтпаған ем сұлу сөзді,
Шымбайыма шын батты сұлу сөзі.
Айта қой не шартын бар ұсынарлық,
Күтеді біздің жүрек сізден жарлық.
Сен Баянсың шолпысы сынғырлаған,
Сен Жібексің барша адам қайран қалған.
Өзіңдей перизатты Мейіргүлжан,
Алты айналып әлемнен қайдан табам.
Серілердің ұрпағы текті едім,
Тектілікпен алдыңа сенің келдім.
Жақұт сөзді тізбелеп
Жырдан өрнек құрайын
Шарт қояйын ендеше
Сына десең, сынайын

Ер жігіттің бағасы
Өнерімен мүмкін-ді
Азаматы қазақтың
Сегіз қырлы, бір сырлы.

Бойыңда өнер көп шығар
Қалма енді тосылып
Ән айтыңыз ендеше
Домбыраға қосылып! :!:
Менде өнер бар білсең сан салалы,
Жұрт алдында түсірмен өр бағамды.
Шартыңа келісемін қиналмастан,
Ән салып берер ме едім ойланбастан.
Тек, әттең ғалам тордың тұтқынымын,
Мүмкіндік жоғ оның сонысы мұң.
Бар болса телефоның бергін маған,
Сонан соң ән арнайын қалқам саған.
Уа, Шахмұрат сен де енді
Сабаңа түс, алқынба.
Телефонды кірістір
Демеп едім шартымда.

Тек мен емес білсеңіз
Қалың қазақ бар мұнда
Әуелетіп ән айтқын
Жалпақ жұрттың алдында!

Сері дер ем содан соң,
Білінбесін сырыңыз.
Әйтеуір бір жол тауып
Тығырықтан шығыңыз... ;)
Әнімді әуелетем сұрасаңыз,
Өнерімді шашайын қаласаңыз.
Ақан сері жыр еткен "Балқадиша",
Біздерге аңыз болған жыр Қадиша.
Сал, Серілер ізі бар жалғанатын,
Әніме айналдыңыз шырқалатын.
Айтыпты деп аңыз боп таралатын,
"Мейіргүлін" жырлаған Мұрат ақын.
"Қыз едің Серіжанның Мейіргүлім,
Арманыма айналған жансың менің.
Ақтамақ ардақтаған сен бір Керім.
Құныңды бағамдасам замандасым,
Алтынан артық сенің,
Па шіркін қара басың.... "
Әуелеген әуенге
Шалқыр едім, ағасы
Балқадиша әніне
Балқыр едім, ағасы.

Билеуші едім бұралып
Отыра алмай орныма
Дегенменен, әттең-ай
Жетіспей тұр домбыра.

Азаматтың бағамын
Ел алдында өлшеттім
Сөзің нәрлі, сөзім жоқ
Енді ісіңмен көрсеткін :!: