Мейіргүл мен Шахмұраттың айтысы. ХХІ ғасыр ЭЛЕКТРОНДЫ АЙТЫС.

Аман ба алты алаш ел арындаған,
Жүрегінен жыр иман арылмаған.
Аманба "массагеттік" марқасқалар,
"Биссимилла" сөзімен іс бастаған.
Тектілердің ұлы едік тегін тумас,
Шаршы топта сөз айтсам айып болмас.
Қайда кеткен жалғасы жақсылардың,
Өлеңнен өрнек өре бақ сынадым.
Саралардың сарқыты барма мұнда,
Біржанның көзі келді алдарыңа!

Оу,
Өзіңді кеше күтіп елеңдедім,
Күт форумда, айтысқа келем, - дедің
Бадырайып форумда тұр емес пе
"Қыз бен жігіт айтысы" деген бөлім

Бұл жерде бір арам ой келді бөтен,
"Айтыс" та өз алдына елді мекен
Тағы да бадырайтып бөлім аштың
Менімен қатар шапқың келді ме екен? :D
Айыппа қызды ауылға келгендігім,
Мен өзі форум жайын білмеуші едім.
Сәлем бермек салты бар қазағымда,
Құт қонсын ақын ару қадамыңа.
Біржанның көзі болып сөз бастайын,
Мен саған бір қастерлі ой тастайын.
Ақын Сара бақытты не деп еді,
Ақын болсан сен соған жауап берші...
Сынап қалды бір сәтте,
Біржан ақын Сараны.
Біржан-Сара айтысы
Дүрліктірді даланы.
Көрсетші деп еріңді
Біржан бүлік салады
Сара қыздың жұбайын
Кемшілік қып таңады.
Сонда Сара әркімнің
Қолда бары алтын деп
Қапыда сөз табады.
Осы болды батырым,
Жауабымның амалы...
Оу,
Жыр қонақтап жаныңа
Өлең қонған өзіңе.
Мен де сендім жадыма
Ал не дейсің сөзіме?
Ақын Сара бақытты ер демеді,
Біржан ақын Сараны тергемеді.
Сара ақын бақытты сөз дегені,
Ел бірлігі ақынның көздегені.
Амалсыздан тенесіп Жиенқұлға,
Кете барған Тастанбек ақсүңқары.
Біржан ақын сөзбенен ара түсіп,
Аман қалған алаштың ақтаңгері.
Тұлпардың қас тектісі Маңмаңгері,
Біржан салға теңепсін сен де мені.
Жиенқұлдай бар ма еді жан сүймесің?
Қадамыңа нұр жауғыр көз тимесін.
Жыр-жақұтың арынды
Шумақтарың шалымды.
Дегенменен білсеңіз,
Тарих деген қалың-ды

Тарих деген қалың-ды
Қалай жүрсіз байқамай
Біржан-Сара айтысы
Тарап кетті әрқалай...

Сен айттың бір нұсқасын,
Мен айттым бір нұсқасын
Әдебиетті ауызша
Қай қазағым ұқпасын?

Айтысымды білмесем
Маған емес, ұлтқа сын
Қай нұсқаны айтсақ та,
Ақиқатқа ұқсасын.

Жауабымды сондықтан
Қате деме, ағасы
Олай десең, сол болар
Жүрегімнің жарасы...
Ол рас айтыстың бар сан нұсқасы,
Асыл сөздің айтыскер сөз ұстасы.
Біржан -Сара айтысы көне көзі,
Аманат деп сақталған ата сөзі.
Ақын Сара ар тұтқан қастерлі өнер,
Мен одан бар игілі бақты көрем.
Әл-Фараби бақытты Жаннан корге,
Сол бақыт тұжырымын артық корем.
Жанымның бақыты деп сөз саламын,
Менің бол тірліктегі бек сыңарым....
Оу,
Салмағын-ай тілектің,
Өз-өзімнен дір еттім.
Сыңарым бол деймісің?
Бақытындай жүректің.

Бір жігіттің жыры едім,
Бір жігіттің сыры едім.
Сіңлісімін Сараның,
Қадірімді білемін.

Сыңарым бол деп бірден,
Арындадың ақыным.
Жүрегімді жаулауға
Шамаң бар ма, батырым?

Елді аузыңа қаратып,
Нәрлі сөзді төгіп айт.
Ал шамаңды білмесең,
Осы жерден кері қайт :D
Тектілігім бар еді бір меніңде,
Тектілігің бар екен бір сеніңде.
Жүрегімді сен үшін жұлып берем,
Қаласаң қалқам шырақ беу тегінде...
Гашықтықтың дертімен аңыз болған,
Жер бетінде бр білсең қаншама адам...
Адамның бәрін саналы,
Сөзіне қарап пайымда.
Атсыз Жөнсізге несіне
Тиісіп отсыз "Қайымда"???
Одан да біздер айтайық
Жарқын жастық шақ жайында...