Мейіргүл мен Шахмұраттың айтысы. ХХІ ғасыр ЭЛЕКТРОНДЫ АЙТЫС.

Аман ба алты алаш ел арындаған,
Жүрегінен жыр иман арылмаған.
Аманба "массагеттік" марқасқалар,
"Биссимилла" сөзімен іс бастаған.
Тектілердің ұлы едік тегін тумас,
Шаршы топта сөз айтсам айып болмас.
Қайда кеткен жалғасы жақсылардың,
Өлеңнен өрнек өре бақ сынадым.
Саралардың сарқыты барма мұнда,
Біржанның көзі келді алдарыңа!

Серпілтермін көңілді,
Өзгертейдей өмірді.
Аңсауменен өтті күн,
Керімім-ау, өзіңді...
Қайыстайын қайғым бар,
Жанардан жас боп ағылар.
Сұлудың бәрі текті емес,
Асылдан туған Керімім...
Тұлпарын тежеу тым қиын,
Махаббат атты пырақтың.
Жылынайық отына
СЕЗІМ атты шырақтың!
Махаббаттың кей кездері мәні кір,
Көкейімде осы сұрақ әлі жүр
Тас жүректі жауыздар да опасыз
Бір адамды сүйеді ғой бәрібір...

Баз кешемін соны ойласам жалғаннан,
Тұрмайды екен махаббат сан жолдардан
Жауыздығын жасай тұрып сүйеді ол,
Демек, сезім бір адамға арналған...

Ғашық адам бәрін сүйем демес пе?
Күрессе де өмір деген егесте
Махаббат тек бір адамға арналса
Бұл дегенің әділетсіз емес пе?

Махаббатта жалғандағы жатты бақ,
Сезім деген арлы өлкеден тап тұрақ
Әділетсіз деп сезімді күйіндім
Ал сен қалай түйіндейсің Шахмұрат?
Сезім деген құралмас жалғандықтан,
Айнымаспын жалғанда адамдықтан.
Мендік жүрек аңсары жалғыз адам,
Соны менен егіздей менің санам.
Сауалыңа қайранмын маған қойған,
Сүйе білмес адамға сезім арман.
Жүрегімнің төрінде Керімім бар,
Керіміме арналған сезімім бар.
Махаббаттың түрі көп сараласан,
Махаббатта хан сарай араласаң.
"Сүйе білу адамдық белгісі" -деп,
Мұқағали ақында өлең жазған.
Махаббаттың бастауы Ар мен Иман,
Махаббаттың төресі Жаппар Аллам!
Айналайын Шахмұрат!
Оу, Шахмұрат мен сізді
Терең деп ем, теңіздей
Терең емес, таяз ба ең
Ойсыздықпен егіздей...

Махаббатқа сеніпті,
Өлең жолын құрапты...
Бір жауабын беріпті
Түсінбестен сұрақты... :roll: :roll:
Сауалыңыз сезімнің айналасы,
Махаббаттың болады ақ-қарасы.
Менің айтқан сөзімді аңғарсаңыз,
Ап анық көрінеді ақ-қарасы...

Сұлудың сөзі өтті сүйегімнен,
Сезімнің өлер болдым күйігінен.
Қарапайым сөзімді ұғалмадың,
Білмеймін келер күнде не боларын.

Сөзімді ұға алмаған Керім сұлу,
Жасамаса игі еді ертен гөрім.
Сөз емес аманатым жүрегім ет,
Аққудай қатар ұшсақ тілегім ет...

Бәрі де сағым сынды бұл күндерде,
Қызғанышпен қараймын өткен күнге.
Сөзімді емес жанымды ұғынсаңыз,
Шақырамын келіңіз айлы түнде...
Жалыннан Ұшқын лаулайды. Ұшқын, ақындығыңа тәнтімін!
Рақмет Арнаулы...
Ия, Ұшқынға сірә мақтаулардың мақтауы аздық етер.
Айтыстың жалғасы қайда екен? :)
иә не болып кетті өзі, бұл айтыс едіғой