Мейіргүл мен Шахмұраттың айтысы. ХХІ ғасыр ЭЛЕКТРОНДЫ АЙТЫС.
Аман ба алты алаш ел арындаған,
Жүрегінен жыр иман арылмаған.
Аманба "массагеттік" марқасқалар,
"Биссимилла" сөзімен іс бастаған.
Тектілердің ұлы едік тегін тумас,
Шаршы топта сөз айтсам айып болмас.
Қайда кеткен жалғасы жақсылардың,
Өлеңнен өрнек өре бақ сынадым.
Саралардың сарқыты барма мұнда,
Біржанның көзі келді алдарыңа!
биразын окысам жигит пен кыз
бирнеше кун айтысыпты өзара
Мейиргул номерди бираз бермениз
сегиз кырлы бир сырлы жигит болса
жеткизер колын сиздей аруға!!!
кешириниздер үшініші артык болганыма
ендеше руксат арымен жалгастыруға!!!!
Деп қояды серіміз.
Бергеніме келісім
Куә ғой бар еліміз
Ең алдымен жігітім
Жүрегіме еніңіз )
Жүрегіме енсеңіз
Ашық болар төріміз
Оу,
Мен айтайын шынымды
Сабырыңды сақтай тұр
О, Шахмұрат дегенмен
Жүрек сіз деп соқпай тұр...
Жеткізетін мұратқа.
Асығыстық шалалық,
Қалдырмайма ұятқа.
Барамын іздеп әмәнда,
Сәті келген заманда.
Қоңыраттық боласыз,
Сәтін салса бір алла.
Сертіңнің болсын белгісі,
Бет орамал қалдырғын.
Жүрек атты аралға,
Сарайынды салдырдым.
Саған деген сезімді,
Жүректе үрлеп жандырдым.
Арман әнім өзіңсіз,
Сен аман бол Керімім!
Қалдыр дейді бұл сері.
Болсын дейді ол және
Сезіміңнің бір шегі...
Орамалды тастадым
Достығымның көзі деп.
Өмірдегі қас-қағым
Өлеңімнің өзі деп.
Ойлар тұнған өзіңе,
Қардай аппақ орамал
Шахмұраттың жүзіне
Шаттық-күлкі ала бар.
Көңіліне жаз апар,
От жанары жайнасын
Бақытты да қоса апар
Жүрегіне байласын!
Жүрегім сағынышты мұңға тұнған.
Мен сендік орамалды тұмар қылам,
Өзіңсің ғаламдағы мендік арман.
Сертіңе серт, өлеңді өрнек дейін,
Естелік қып тағарсың меннен кейін.
Серілердің серті бар қызға берер,
Қалауыңды айта бер жаның сүйер.
Сұлудың жұпар аңқыр орамалы,
Төс қалтама салайын орамалды.
Сұрағанға ҚОҢЫРАТ телімісіз,
САҢҒЫЛ деген рудың келінісіз.
Қой дейді көкейдегі сауалыңды
Айтыста аңдып басып қадамымды
Мен берейін ендеше жауабымды.
Қалауым Ғашықтықты тосылмай айт,
Сұлу сөздің әсерін қашырмай айт
Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні кепті,
Ыстық сезім туралы жасырмай айт...
Ғашық болған Хауа анаға Адам атам.
Адам заттың бастауы міне солар,
Махаббатты өр тұтқан міне солар.
Ләйлісі үшін тірідей қабір көрген,
Жаназасы шықпастан мәңгі өлген.
Қайыс атын өшіріп азан қойған,
Мәңгі ғашық жүрегі Мәжнүн болған.
Жібек үшін жан берген Төлеген ер,
Ғашықтарға тоймаған Сұм қара жер.
Құсрау-Шырын, Жүсіп пен Зилихалар,
Ғашықтардың жырына тұмар болар.
Сезімді жырла дейсің ағыл-тегіл,
Ұлық сезім білгенге жауһар, лағыл.
Менің ше Ыстық сезім жүректегі,
Ар мен Иман, Намыстын өнегесі.
Қастерін жоғалтпаған иманды адам,
Шын махаббат бағасын бағамдаған.
Ыстық сезім мендегі ар мен иман,
Аманатқып тапсырдым саған қалқам...
Ей, саған қалқам...
Мерекесі келіпті
Даласына қазақтың
Ыстық сезім өріпті
Көктемменен бір келген
Ғашықтардың мейрамы
"Жаным" деген жүрекке
Махаббатты сыйлады...
Мен Баянның сіңлісі
Хас сұлудың тұяғы
Сезімдерге куә ғой
Мына қауым зиялы
Жылар болса бұл жүрек
Ғашық болып жылапты
Сіз Қозының өзісіз
Махаббатқа тұрақты...
Қозының асыл сынық көзі деме.
Сен де Баян емессің қас бұрымды,
Дұрыс түсін тегінде сен сөзімді.
Қозы - Баян болсақта тіршілікте,
Қосылуды жазбайды мәңгілікке.
Мына қоғам байқасам түрі жаман,
Бір қабірге жерлемес бізді қалқам.
Жаңа дәуір, жаңа арман бастамасы,
Тамсанып аңыз етер кәрі - жасы...
Мен Шахмұрат болғанда сен Мейіргул,
Солай болсын жана жыр бастамасы...
Жаңа дастан жазылсын сырға толы,
Қайырлы боп басталғай өмір жолы...
Жүректегі төріңнен
Жаңа дастан жазылсын
Махаббатқа өрілген...
Мың құбылтып, жүз түрлент
Өлең атты өрімді
Көкірекке от жыр кеп
Серпілтші бір көңілді...