Мейіргүл мен Шахмұраттың айтысы. ХХІ ғасыр ЭЛЕКТРОНДЫ АЙТЫС.
Аман ба алты алаш ел арындаған,
Жүрегінен жыр иман арылмаған.
Аманба "массагеттік" марқасқалар,
"Биссимилла" сөзімен іс бастаған.
Тектілердің ұлы едік тегін тумас,
Шаршы топта сөз айтсам айып болмас.
Қайда кеткен жалғасы жақсылардың,
Өлеңнен өрнек өре бақ сынадым.
Саралардың сарқыты барма мұнда,
Біржанның көзі келді алдарыңа!
Махаббаттың жырымен тұмшалайын санаңды.
Өнеріме тәнті ғып арттырайын бағамды,
Өзіңменен егіз ғып ұшырайын арманды...
Төлеген мен Жібектей өткерейік жалғанды,
Ақшатырға енгізіп әлдилейін қалқамды...
Тұлпардай жүйрік желіпсің
Домбыра тартқын деп едім
Зайытов болып келіпсің
Тоқталар енді деп едім
Сіз жақтан шықты жарқын үн
Сүрінбей өттің сынақтан
Тапқырлығыңа тәнтімін
Тұлпардай жүйрік желетін.
Көкбөрі еді арғы атам,
Нәсібін жолдан көретін.
Мен үшін Сара ақынсың,
Сөз қадірін білетін...
Сұлу енді сертің бер,
Орамалға сыр байлап.
Түнгі ұйқым бұзылды,
Жалғанда жалғыз сені ойлап.
Арулар күннен қаққан-ды.
Бір кезде Жібек күймеден
Түспестен бетін жапқан-ды
Бұл күні жігіт ұяң боп
Бүркемелейді ер атын.
Түсінбей жүрмін осыған
Жөн жауабыңды бер, ақын
Біреу жүр атсыз, жөнсіз деп
Сөзінен білсем - азамат
Жөні жоқ, жері, елі жоқ
Кім қойды екен жазалап
Бабаның салты жиғаным
Дәстүрдің бүгін аты аңыз...
Даладағы бір беймәлім
Авадағы қай "атаңыз"?
Текті еді менің өз затым.
Түспесе Жібек күймеден,
Даналығынан болатын.
Суретім болмай қалған жоқ,
Аваторға қоятын....
Әр адамда сыр болар,
Дүйім жұртқа шашпайтын.
Мендегі жүрек сыр сандық,
Көрінгенге ашпайтын...
Құпиялы Серімін,
Өз сырын бойда сақтайтын.
Азаматымын алаштың,
Ардақ тұтып мақтайтын.
Көргің келсе жүзімді,
Жүздесейік қарағым.
Жауапсыз қалып жүрмесін,
Жүрекке тұнған сұрағың.
Құпиялықтың жолы емес
Сырымды дейсің сақтаймын
Жұмбақтық деген ол емес
Ерлері ұяң келсе егер
Қай ел бар айтшы оңатын
Айтпағым атпал ерлердің
Ұялшақтығы болатын...
Өзгелердей аллаға менде сенем.
Қаншама тігін тіктеп жатпасамда,
Бар шындым аян гой бір аллаға.
Соншама тоқталардай аваторға,
Ғашық болып қалдың ба аваторға.
Төлеген ынтығушы ет Жібегіне,
Не болған мына сендік жүрегіңе.
Ақыр заман белгісі анық болса,
"Қарап тұрған жігітке, қыз артылар".
Ұйқасыңның арасы
Сөзің суық ызғардай
Не деп кеттің, ағасы?
Салқын бір леп ескендей
Шахмұраттың үнінен
Сонша ынтық емес ем
Болмысыңа шынымен...
Болмысыма шынымен...
Арайлы шуақ күн көрдім,
Қарақаттай көзіңнен.
Бір нәтеже шығарып,
Фотомды қойдым сөзіңнен.
Қамшымен сабай бастадың,
Бұзау тісті сөзбенен...
Махаббат атты айдында,
Жүзсембе деймін сізбенен.
Сөздерімді дәлелдеп,
Жатырмын білсең іспеннен.
Ұнатқан болсаң сен мені,
Білдіргін құрғыр көзбенен.
Астарлап болсын айтқайсың,
Жібектей болып сөзбенен.