[] Отырмай мен жайымда, Шақырамын Қайымға Екі жолға екі жол, Ұйқас жауап дайында Екі жол жазып өзің де, Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)
Ардақ Құлтайға :
Өзің жазсаң жақсы жыр, Құлтай бала,
Қарсылығым ешбір жоқ құрттай ғана,
Бір нәрсені айқайлау осындай деп,
Қораздарша кеңкиіп, қоқайланба.
Өлең деген оқылар мәнісімен.
Түсінетін оны ғана жан түсінер.
Өзіңде болмағанды қызғанудың,
Келіп-кетер, айналайын, мәнісі не?
Жетпеген ешкім Мұхтар, Абайыма.
"Не сұмдық" - деп жазасың, қалай мұнда
Соларды өзің оқымаған сияқтысың,
Өзің сұмдық көрсетіп тұрсың, жарайды ма?
Оқырман қауымға:
Түзетем деп, мына "қисық шыбықты",
Ағаларың Қайым шартын бұзыпты.
Ғафу еткін, артық кетсем, ағайын,
Жалғана бергей Қайымымыз қалыпты...
Жаңа Қайым бастап берейін:
"Бір құмалақ қарынды шірітеді"-
Деп айтылған болмайды ол ертегі
Жаңа-жаңа қызықтар басталғанда
Бір ауыз сөз көңілді кірлетеді.
Дүбірлі айтыс болады деп Мерейлі,
Жүйріктерге осы жерге кел дейді
Осы жерде айтыс басталды.
Көктем болды, далада қар да жатыр.
Көктем болды, далада қар да жатыр.
Дүбірлі айтыс болады деп Мерейлі,
Жүйріктерге осы жерге кел дейді
Бұдан шығатын жол, бар ма ақыл,
Көктем болды, далада қар да жатыр
(Кешірерсің, біртүрлі екі жол екі жолға үйлеспейтін сияқты, Осы жұрт әлі мына Қайымға түсінбейді, ме-қалай?!...)
Достарым, www.massagan.com деген қазақ сайты бар , соған кіріп қараңдаршы, сонда "Ақындар мектебінен" бәрін үйренуге болады.
Бұдан шығатын жол, бар ма ақыл,
Көктем болды, далада қар жатыр.
Қар деген түк емес,
әркімнің
Көктемі негізі қолда тұр )
Жадырап жүргенің оң болар,
Көктемнің келгені сол болар
Көктемнің келгені сол болар
Мейіргүл қарындас келмесе,
Қалайша бұл айтыс оңдалар.
Біздің жаққа ертең көктем келіседі,
Бар қазақ бір-бірімен көріседі
Бар қазақ бір-бірімен көріседі
Деп ертең батыстың қазақтары,
Бір-бірімен құшақтасып көріседі.
Көріскенде бір-бірінің қолын алып,
Құттықтап, бір жасыңмен деседі.
Осы салттың мағынасы не екенің
Алматының қызына кім түсіндіреді?
неше түрді күлкілі қызық кетіпті
ал жалғаңдар батырлар