[] Отырмай мен жайымда, Шақырамын Қайымға Екі жолға екі жол, Ұйқас жауап дайында Екі жол жазып өзің де, Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)
Жыр жүйрігі осындай да сыналары!
Бұл ауылдың бар ма екен балалары?
Табылмаса сөзге шешен балалары,
Алиф-Ләм деп тіл қатсыншы даналары!
Жоғарыдағы қос шумақтарыңды біріктіріп жазсаң Қайым айтыс болады, Былайша :
Қыздармен айтысуда ағалары,
Бұл ауылдың бар ма екен балалары?
Намыстанды қыз айтыстан ағалары,
Жыр жүйрігі осындай да сыналары!
Табылмаса сөзге шешен балалары,
Алиф-Ләм деп тіл қатсыншы даналары!
Алиф-Ләм деп тіл қатсыншы даналары!
Өздеріңнен басқа шешен көре алмадым.
Бұл бөлімге көп кірмейді-ау, қарап бәрі
Қайым шоғы тұтанды жаңа-жаңа,
Лаулағанша келер әлі қыз да, бала
Лаулағанша келер әлі қыз да, бала
Келе ме деп ағасы көп күткеннен,
Ұйықтап қала жаздапты, Оу-масқара!!!
Ару-қыз, қарындастар, апаларым!
Құтты болсын мейрамдарың аталар бұл...
Құтты болсын мейрамдарың аталар бұл...
Көп рақмет ағасы құттықтауға,
Қабыл болсын баршаңның "баталарың" )))))
Сегізінші наурызда күн де күлер,
Қала айналып кеткендей гүлге түгел
Қала айналып кеткендей гүлге түгел
Көктем келіп қалғаны сезіліп тұр,
Қыз-келіншек ерекше әсем түрге енер
Күн де міне шуағын төккендей ме,
Жарқырап гүл құлпырып кеткендей ме...
Жарқырап гүл құлпырып кеткендей ме...
Өзгеше көйлек киген асқар тау да,
Тілдесіп қоятындай көкпен кейде.
Оу, ағасы, жауһар жырға жүйрік екен,
Өлең де көктен келген бұйрық екен...
Өлең де көктен келген бұйрық екен...
Өзің де қалыспайсың, жағаласып,
Тілге шешен, жауабына сүйрік екен!
Мерейлі атың сәйкес екен кескініңе,
Сенен басқа айтыспай тұр ешкім міне
Сенен басқа айтыспай тұр ешкім міне
Менен өзге кім керек, сізге ағасы?
Бар массагет куә ғой есті үніме.
Әр айтқан сөзіңізге тоқталамын,
Ұйқасыңыз әлсіз бе деп қаламын....