ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Қазақ тілді порталдар көбейіпті,
"Массагетпен" тынысым кеңейіпті
Жақсылыққа жаршы боп, жамағатым,
Құлар болса қолтықтан демейікші.
Жақсылыққа жаршы боп, жамағатым,
Құлар болса қолтықтан демейікші.

Ары қарай жалғастырғын, Қайымды, дос
Басқалар да қалыспай мында келейікші

Арнаулы қайым сөзге жақын екен,
Байқасам, өзі тәуір ақын екен.
Арнаулы қайым сөзге жақын екен,
Байқасам, өзі тәуір ақын екен.
Арнаулы деген аттың астарында
Біз білмейтін қанша қыры жатыр екен))
Жағаласты деп сөзге сынамағын,
Айтыс десе, мен қалай тұра аламын )
Қайым айтыс дегенің жақсы нәрсе,
Ұйқастың табамыз ғой бір амалын...
Дегенде қайым айтыс, қайым айтыс,
Жүйріктер, бұл додаға аянбай түс...
[color=#0000BF:r0kmdpdq]Махамбет Беріш ләм деңіз енді :) [/color:r0kmdpdq]
Жағаласты деп сөзге сынамағын,
Айтыс десе, мен қалай тұра аламын

Екі жолың айтыста асып кетті,
Қайымның шартын бұзба:сұранарым.

Айналайын, ақын қыз-Мейрамгүлім,
Мекенің қай жер, қандай туған жылың ?
Қайым айтыс дегенің жақсы нәрсе,
Ұйқастың табамыз ғой бір амалын...

Бір-бірін білген жақсы дегенім ғой,
Айып болмас туған күнді сұрағаным...

Бұл ағаң айтыскері Атыраудың,
Көңілге жырлар сыймай жатыр-ау бір
Дегенде қайым айтыс, қайым айтыс,
Жүйріктер, бұл додаға аянбай түс...

Тағы да жұтып қойдың жолдарыңды,
Арнаулы, оның себеп, жайын айтыс?

Қыздармен айтысуда ағалары,
Бұл ауылдың бар ма екен балалары?