ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

МАССАГЕТте жиналдық әр тараптан,
Бұндағы адамдар шықты екен қай тараптан?[/quote]
Оңтүстік пен батыстың еркелері
Мәтінменен жүретін қайталап мән.
Жапырақтар сарғайып,құстар қайтар күйі бар
Келе жатқан қоңыр күзге кімнің қандай сыйы бар
Жапырақтар сарғайып,құстар қайтар күйі бар
Келе жатқан қоңыр күзге кімнің қандай сыйы бар


Сыйын қайдам, әйтеуір күз келгенде жайменен
Жаздай жалаңаштанған етек-жеңдер жиылар

Бітіріп кетті өзінше басқалары
Ал бізде төртінші курс басталады
Бітіріп кетті өзінше басқалары
Ал бізде төртінші курс басталады[/quote]
Кеткенімізге қуанбай ма бұл жұртшылық
тырысады несіне қас қабағы?
Алатаудың қол бұлғап асқарлары,
Ауылдан ағылуда жастар жағы...
Алатаудың қол бұлғап асқарлары,
Ауылдан ағылуда жастар жағы...


Алдарынан болашақ ашылмақшы
Шын өмірдің басталып баспалдағы


Жігіттерге бұл филфак жарымас түк,
Сонда да біразының бағын аштық
Сіз тағы бір жыл жүре тұрсаңызшы
Балмұздақ аруларды "қарындас" қып :lol:

Қайым шартын бұздым-ау кешіріңіз,
Сіз де мендей қалжыңмен көсіліңіз
Қайым шартын бұздым-ау кешіріңіз,
Сіз де мендей қалжыңмен көсіліңіз[/quote]
Қалжың деген орнымен болады екен
Салмақты бір тақырыпқа бет бұрыңыз
Футбол жағына қәне біраз тоқтайықшы
Шахтер менен Ақтөбені мақтайықшы
Футбол жағына қәне біраз тоқтайықшы
Шахтер менен Ақтөбені мақтайықшы

Жеңілген Шахтер менен көмілген
Ақтөбені ақтайықшы
Ойын ойнар мұндайда бас бола ма?!
"Милан", "Барса" келер ед Астанаға...