орыс қарпін латын қарпіне көшіру жайында

Орыс қарпінен латын қарпіне ауысуға қалай қарайсыздар? Қерек пе, жоқ па?

Латынша оқу маған қиын. Оқып отырып, миым шаршап кетеді. Бірақ көз үйрену керек шығар. Әзір көшсе қиналып қалатынымыз сөзсіз.
Бәріне көнеміз ғой
Қанша қарсы шықсақ та, көшірем деді ме, көшіреді :)
Оданша әубастан үйренейік!
меніңше керек! және соза бермей дереу іске асырса. көрші Орекеңдердің боданында біраз болып, кириллицамен жазу жүйесі қалытасқан деп ойлаймын. Әйтпесе неге түркі тілдес халықтардың қарпі латынша?
Көшу керек! Бұл арқылы ең бірінші кезекте жалпымыздың басты бас ауруымызға айналған Қазақ тілінің толып жатқан сан қабат түйткілдерін шешуге үлкен серпін берері хақ. Осы орайда жан-жағымызға жалтақтауды немесе «үйренуге қиын, мектеп оқушылары қиналып қалады», «оқулықтар мен әдеби кітаптарды қайта басу үшін көп қаржы кетеді» сынды қырық сылтауды ысыра тұрып, батыл қадам жасауымыз қажет. Еш қиындық тудырмайтыны дәлелді. Себебі, бүгінгі оргтехникалардың барлығы да ағылшын тілінде, латын қарпінде. Қолындағы телефонымен латын қарпінде хабарлама (смс) жазбайтын оқушы «жоқ» дей алмассыз?! Біздің төл дыбыстарымызға ұқсас әріптерді таңбалап жүрген туысқан халықтардың тәжірибелері де бар. Мысалы, түрік тілінде ö(ө), ü(ү), ğ(ғ) әріптерінің таңбалануы. Бұндай сәйкестік көрші өзбектерде де бар. Қ әрпін таңбалау үшін К әрпінің шекесіне қос нүкте, әлде басқа бір шартты белгі қойып қолдануға неге болмасқа. Ұ, Ң және Һ әріптері үшін де осылай.