орыс қарпін латын қарпіне көшіру жайында

Орыс қарпінен латын қарпіне ауысуға қалай қарайсыздар? Қерек пе, жоқ па?

Латын әрпіне көшкен дұрыс. Баяғыда-ақ сөйту керек еді. Әлі де кеш емес
Латын әрпіне көшкен дұрыс. Баяғыда-ақ сөйту керек еді. Әлі де кеш емес

Қосылам ;) ;) ;)
Менде мынадай усыныс бар:
31 әріптен құралған латын символындағы қазақ әліпбиі
А - A
Ә - A'
Б - B
В - V
Г - C
Ғ - G
Д - D
Е - E
Ж - J
З - Z
Й - Y
К - K
Қ - Q
Л - L
М - M
Н - N
Ң - N' (немесе X, өйткені латындағы Х символы бос қалып тұр. Соны Ң әріпіне пайдалансақ болады, яғни Ң - X)
О - O
Ө - O'
П - P
Р - R
С - S
Т - T
У - W
Ұ - U
Ү - U'
Ф - F
Х - H
Ш - S' (егер Г әріпіне - С таңбасын пайдаланбайтын болсақ, онда оны осы Ш дыбысына пайдалануға болады, яғни Ш - С)
Ы - I
І - i

Әліпбиден шығарылған, айтылуы мен жазылуы 2 әріптен құралған дыбыстар
Ё - YO (кириллдегі Й+О)
И - IY (кириллдегі і+й)
Ц - TS (кириллдегі Т+С)
Ч - TS' (кириллдегі Т+Ш)
Щ - S'S' (кириллдегі Ш+Ш)
Ю - YU (кириллдегі Й+У)
Я - YA (кириллдегі Й+А)

Қолданыстан шығарылатын дыбыстар
Һ -
Ъ -
Ь -
Э -

Орын ауыстыруға мүмкін таңбалар
С - S'
Ш - S

Ескерту: A', N', O', U', S' мұндағы ' белгісі - і әрпінің үстіндегідей ноқат деп біліңдер. Мағынасы - жіңішкерту белгісі.
Екеуден құралған дегенді ұнатпаймын, ч - тш, ц - тс деген сияқты... Ал, жалпы ауысу жөніне келсем басындағыдай бұлқан-талқан емеспін. Ойландым... Ойланып жүрмін...
Ayaqpen oılanatyndar ökınışke oraı alı bar eken ğoı... Qazaqqa latyn harıpıne koşu kerek... Nebır noqat mısyzdar, öz tılın özı mensınbeıtınderdı qarasam jiırkenem, qazır bukıl ınternettegı, jarnamalar, t.b. barınde latyn harıpterımen jazylgan. Endı qaranyz, bızdın qazaq tarıhyn türkı tıldes tuystar qanşalyqty bıledı? Türkı tıldes bauyrlarymyz kırıllıcada oqı almaıdy, orysşa bılmeıdı, sonda qalaı... Bulaı bola berse keleşekte qazaqtyn jongarlardy qalaı joıyp jıbergenı t.b. jetıstıkterı 'Ertostık' ertegısı sekıldı anyz bolyp qala bermek... Sondyqtan da, qazaqqa latyn alıpbııne köşu abden kerek...
Басқа түркі халықтарының тәжірибесіне сүйенсек (сүйеніп қалғанбыз ғо өзі "Халықаралық стандартқа сүйенсек...", "Озық мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек" деп ;) ), qazaq tilinde жазатындар көбейеді, сөйтіп орыстілділер мен орыстар көнсе де, көнбесе де қазақ тілінде жазатын болад) ИМХО
мына заманды латынға көшудің қаншалықты тиімді екенін бағамдай алмай жүрмін. Бұрын дұрыс болып көрінеті. Жақындаған сайын ұнамай бара жатыр. Айтылу мен дыбысталуда біршама өзгерістер болатын секілді ғой
Өткізудің қажеті жоқ. Фонетика, грамматикаларды қайта өзгертіп, халықтың (онсызда шала сауаты) миын шатастырып жібереді
Өткізудің қажеті жоқ. Фонетика, грамматикаларды қайта өзгертіп, халықтың (онсызда шала сауаты) миын шатастырып жібереді


біздің халықты шала сауатты деуге келмейді. Дәл қазіргі уақытта латынға көшудің қаншалықты тиімді екенін білмеймін, басқа да өзекті нәрселер толып жатыр ғой. Мүмкін, билік халықтың тағы бір әдемілеп алдағысы келіп отыр ма екен?
Көшу керек!