орыс қарпін латын қарпіне көшіру жайында

Орыс қарпінен латын қарпіне ауысуға қалай қарайсыздар? Қерек пе, жоқ па?


Oylap kor, misalga barligi latynga auisty, sonda ewkim kirilmen jaza almaidy. Sonda kim oriwwany latynmen jazsyn?

Мәселе жазуда емес, мына біздердің өзімізде! Бір ғана мысал: неге осы автобуста орысша передайте, можно пройти, пропустите, останавитее деп шүлдірлейміз. Осы сияқты мысалдар көөөөөөөөөөп! Осылай сөйлеуге кирилица кінәліма сонда??? қықықы...
Мәселе жазуда емес, мына біздердің өзімізде! Бір ғана мысал: неге осы автобуста орысша передайте, можно пройти, пропустите, останавитее деп шүлдірлейміз. Осы сияқты мысалдар көөөөөөөөөөп! Осылай сөйлеуге кирилица кінәліма сонда??? қықықы...


Sen meni tusinbegen siyaktysyn. Arkimnin uyatyna kaldyrsan, baska ult okilderi angime aityp wygady, tusinbeymiz dep. Olardy da taptap kete almaisyn. Sondyktan tynyw kana auisip ketsek, olarda uyrener edi, amalsyzdan. Sebebi jazu kerek koy olarga da.

Sen meni tusinbegen siyaktysyn. Arkimnin uyatyna kaldyrsan, baska ult okilderi angime aityp wygady, tusinbeymiz dep. Olardy da taptap kete almaisyn. Sondyktan tynyw kana auisip ketsek, olarda uyrener edi, amalsyzdan. Sebebi jazu kerek koy olarga da.

сенімен мүлде келіспеймін. сонда біз өзге ұлттардың көңіліне қарап орысша сөйлеуіміз керекпа не??? ЖО-ЖО-ЖОҚ!!!
сенімен мүлде келіспеймін. сонда біз өзге ұлттардың көңіліне қарап орысша сөйлеуіміз керекпа не??? ЖО-ЖО-ЖОҚ!!!

Sen soylemesen de baskalar soyleydi....
латынға көшу үшін біраз уақыт пен қаражат керек , ең бастысы адамдар соған дайын болу керек. Латынша оқып жаза алатын кемпір-шалды қайдан көрдіңдер?

Kazirden bastamasak erten kew bolady :!:
Көшсiн. Бiрaқ aлғaштa екi әрiп бiрге жүргенi дұрыс. Бiрден aстaн-кестен aуыссa, "әрiп тaнымaйтындaр" сaны бiрден көтерiледi. Бiртiндепен гiзiлуi қaжет.
Әссаләму ғалейкум.
Мында тізім келтіріпті http://kz.mereke.kz/kz/allabout/index.p ... ENT_ID=521
Латын әліпбиіне көшуді мен қолдар едім. Бұл техникалық жағынан маңызды қадам. Қазақ елі өз тарихындағы елеулі оқиға болар еді.
Оңай шаруа емес екені рас. Шамамен 10-15 жыл латынша мен кириллица қатар жүруіне тура келеді. Бірақ, басымдылық латыншаға берілуі тиіс.

Кириллицаны өз уақытында халық қалауынан тыс, күштеп енгізгенін біреу білсе, көбі білмейді. Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақ ол оқиғадан мүлде бейхабар. Күшеп енгізілгенімен қоймай, қазақ тіліне қатысты тіл білімі түгелдей орыс тілінің ықпалына жығылып, нәтижесінде қазақ ұлты саяси қуғынға ұшыраумен қатар, оның алға сүйреуші мол мұрасы да үлкен кедергіге ұшырады.

қазақ тілінде сақталған тарихи, мәдени және тағы да басқа жазба мұралары болуы мүмкін.
Және, латынша, арабша, түркі тілінде жазылған деректердің басым бөлігі жойылып кеткен. Сақталғаны өте аз. Оны көбейту мәселесі де, кенже қалмауы керек. (1)
Кириллица енгізілгелі, жазылған еңбектердің тең жартысы нақты қазақ пайдасы тимейді. Неге? Себебі, олар Совет Өкіметі тұсында жазылған. Сол ұйымның бақылауымен, цензурасын ескере отырып жазылған. Мазмұны Кеңестік идеологияны дәріптейді. Қазақша жөні дұрыс ғылыми жұмыстар да көп емес. Барының өзін электронды нұсқаға аударса, санаулы минутта латыншаға конверттеп беретін бағдарламалар жетерлік. Және де, мемлекеттік ақпарат, бүгінгі күні түгел электронды нұсқаға көшуі керек. Себебі, қағаз ол ескіреді, жойылады, өртенеді, жыртылады. Оны көбейту де машақат. Ал электронды нұсқасын, санаулы минутта бірнеше мың данаға көбейте аласыз, сапасы жоғалмайды. Енді осы электронды нұсқа заман талабы екен, дайын нұсқаны неге латыншаға аудара салмасқа?
Латиницада қалған әдеби туындылар да көп емес. Көбінің мазмұны баяғы Кеңестік идеологияны дәріптейді. Жә. Оны қойшы, қанша дегенмен, кириллицадағы еңбектерді латиницаға аударуға болады.
Басқа Қытай, Жапон елдерінде де кезінде үлкен көтерілістер болған, латын әліпбиіне қатысты. Бірақ, ол тақырып қабылданбады. Себебі, ол елдердің жазу мәдениеті бірнеше мың жыл тереңде жатыр. Сондықтан оған түсіністікпен қарауға болады. Десе де, оларда латынша жазу техникасы өзінше бір аудиторияны қамтиды, ал технология түгелімен латын әліпбиі негізінде дамуда. Иероглифтерді қолдау мақсатында, қулықтар арқылы, латынша енгізу арқылы, таяқша сөздерді тереді.
Бізде ше? Бар жоғы 150 жыл ғана, онымен қоса, зерттей келсеңіз, латын әліпбиіне қарағанда, зияны көп кириллицаны келіп жақтайды.
Иероглиф қолдайтын елдердің мамандары қай жағынан болса да өте мықты, сондықтан олардың иероглифтері мықты.
Ал, кириллица қолданатын елдердің мамандары әлсіз, өнеркәсібі төмен деңгейде, белгілі бір психологиялық ауқымнан басымы шыға алмай құл болып жүр.
Кириллицаны қолдайтын мамандар, барлығы тек Ресей үшін, орыс тілі үшін ғана қызмет етеді. Небір технология шықса, 200 млн кириллица қолданатын елдерге бола ғана коммерциялық мақсат үшін қолдау жасайды, әрине ол тек орыс тілі үшін. Қазақ тілі ше? Ол тек қазақтың проблемасы болғаны үшін, бүгінде күшпен тықпаланып келе жатқан мәселе. Ертең бұл да әлсіресе, орыс тіліне бағынып қалу ықтималдығы жоқ емес. Ал заман, латын тілінде дамып жатыр. Оның ішінде Ұлы ағылшын тілі бар. Бірақ біздің латын әліпбиіне оның қатысы аз. Себебі, екеуі екі бөлек әңгіме.
Бізге екіншісі маңызды.
Қазақ тілінде нақты 30 ға жетер детпес қана дыбыс бар, бірақ 42 әріп қолданады!
Ағылшындарда 40 дыбыс, бірақ 26 әріп. Латын тілін өте тиімді қолданған. 40 дыбысты 26 әріппен дыбстау мақсатында, өздерінде мықты жасалған ереже бар. Бізге әрине ол қажет емес, бастысы 30 қажет дыбысқа 42 әріптен орын табылса болғаны. Қалған «артық» әріптер, тілдің «сау емес» екендігін білдірсе керек.
Латиницаны қазақ тілінің дыбысталуы мен қатар тіл ғылымдарын ескеріп қайта өзгертуге болады. Және ол солай болады да. Содан кейінгі мәселе, ретке келген тіл ғылымдарын (грамматика, морфология, синтаксис, семантик т.с.с.) латын әліпбиіне ауыстыру мәселесіне әкеледі.

Латын әліпбиін үлкен адамдарға меңгеру қиын болады, тіпті оны үлкен адамдарға үйренсін деп міндеттеу де артық дүние, сондықтан латиница кириллицамен қатар параллельді түрде енуі керек. Жастардың басымы латиницаны, кәрілердің басымы кириллицаны қолдана береді.

Шындығында, латиницадан қорқатын дәнеңе де жоқ. Ол да қарапайым әріптер. Бірақ та, халықаралық символдар стандарды бойынша, латиницаға берілген жол кең! Кириллицаның проблемасы, азия халықтарының иероглифтарынан кем емес.

Ал, латиницаға ауыссақ, тарихымызды ұмытамыз деген сөз, кешіріңіздер таза сауатсыздықтың салдары.

Неге дейсіз ғой, латиницаға ауыстық екен деп, біз тарихты ұмыта салмаймыз болмаса біз аспаннан салбырап кириллицамен туылған жоқпыз.

Ең есте сақтайтын мәселе: қандай алфавит қолданыста болса да, ешқашан мәдени мұра өлмейді, ешқашан тарих өшпейді. Отыр ғой, қытай, жапон тағы басқа мемлекеттер иерофлифпен, бірақ әдебиеті, мәдениеті, тарихы ұмытылған жоқ, батыс елдері латиницада, бірақ ештеңесі әліпбиге бола ұмытылған жоқ. айта берсе, көп енді. Сіздер айтыңыздар, қай мемлекет, алфавитін өзгерткен себепті тарихын ұмытып, елде түгел түсініспеушілік болған екен??? Қазақстанға да сондай жағдай келген (қазақ тіліне кириллица 1940 ж ғана қабылданған), бірақ тарихы кириллицаға бола ұмытылған жоқ, әлде қазақтың тарихы кириллица енгізілгелі ғана басталып па ед? Міне. Әліпби өзгергенмен, тарих ұмытылмайды. Бірақ, ұтылатын бір тұс бар — ол әліпбидің тиімсіздігінің салдары.

Кеңестік үкімет құлаған соң да бірқатар елдер латын әліпбиіне көшкен. Олар тарихын ұмытқан жоқ. Бірақ, халық арасында латын әліпбиіне қатысты қиыншылықтар бар екенін де мойындау керек, тек ол шешімі бар мәселе. Меңгеру жағы болса, адамға ерік берілуі керек сияқты, үйренгісі келсе үйренеді, қаламаса кириллицамен жүреді.
Технология. Кез келген технология және техникның түбінде — программирование саласы жатыр.
Қазір барық саланы техника және оны іске асырушы программирование саласы жаулап алды. Біздің тараптан сол ағымға ілесу мәселесі туындап тұр.

Айталық, Сіз ойлайсыз неге девайстар (плейстейшн, магнитола, аудио/видео құрылғылары т.б.) қазақ тілін қолдамайды? Бұның бір себебі — қазақ тілі кириллицада. Проблемасы көп әріп. Және дамушы елдердің стандарты бұны қолдамайды, сондықтан осы кедергі қазақ тіліндегі девайстардың таралуына кері әсерін тигізуде. Кириллица үшін, алпауыт LG, Samsung, Aplle, Microsoft, Google сияқты компаниялар қолдауды нашар жасайды. Ал, сол компаниялардың тарапынан кириллицаны қолдауға шыққан мамандар — орыс тіліне қызмет етеді. Қазақ тілі осының көлеңкесінде қалып жатыр. Шеңберден шыға алмай, орыс тіліне жіпсіз байланып тұр деген тұжырым да жоқ емес.

Біз, барлық технологияның қазақ тіліндегі интерфейсінің қазақшалануына үлкен кедергі тудырып қойдық. Қазіргі уақытқа дейінгі қазақша бағдарламалардың сапасы онша емес екенін былай қойғанда, оларды кім жасады деп ойласаңыз, 75 процентін волонтерлар аударған. Бұл жақсы нәтиже емес. Себебі, волонтер — жүйсіз жұмыс, оған ешкімді міндеттей алмайсыз. Нәтижесінде, сапаға да мін тағу да артықшылық

Алдағы уақытта, Алла қаласа технология визуалды программалаудан аттап, адамның қолмен жазған әріпті жазуын танып, электронды нұсқаға аудару, адамның дыбыстық сөзін тану, санаулы миллисекунда дауыстап екінші тілге аударып беру эволюциясы басталады. Виртуалды иллюзияны реалисттік объектілерге айналдыратын технология мен методтар іске асады және адам санасының командасын орындайтын техникалар өсірге келеді. Кириллицаға байланып, интерфейске әлі жетпеген қазақ тілі, бұл жаңа технологиялардың шаңына да ілесе алмай қалады.

Латиница тақияға тар келмейді. Оны бүкіл әлем болып қолдайды, соның ішінде қазақ тілі де осы қаріпті қолдауы керек. Осы жетістік арқылы, қазақ мамандары өз мүмкіндіктерін шыңдауына жол ашылады.

Көбі қаржыны себеп етеді. Бұл таза сылтау. Ал, енді шет елдік техника мен технологияларды қазақ тілінің кириллицасына интеграциялау үшін де қаншама қаржы кететінін ұмытпау керек. Әрбірі үшін. Жалпылай шекарадан өткен әр техника түріне осылай шығын кетеді. Тек техника емес, шет елден келетін әр тауар түріне қатысты электронды болсын қағаз бетіндегі болсын жазуға осыншалықты шығындар кетеді. Ол тауар бағасына да әсер етеді.