Орыс сөздерін қазақшалайық!!!

Өзге тілдің бәрін өз тіліңді құрметте демекші қазіргі кезде мен қазақпын деп жүргендердің өздері шала сөйлейді яғни орысша -қазақша аралас... Ойлана отырып күнделікті орысша қолданып жүрген сөздерді неге қазақша аудармасқа деп шештім. Әрине, бұл блогтарға да жазылып жүр дегенмен нағыз талқыға салынатын жер форум секілді сондықтан мына сөздерге өз нұсқаларыңызды жазсаңыздар
1. Задолбал
2. По барабану
3. мне фиолетово
4. Лох
5. Кишка тонка

Ал мына сөздер ше?
Субординация
лузер
Негізінде, әу баста Ғани сондай сөздер ұсынды ғой, Қайреке :lol: Асылбекті бекерге кінәлап жатырсың. Сыпайы сөздерді аударғысы келсе сыпайы сөздерді жазсын. :roll:
Негізінде, әу баста Ғани сондай сөздер ұсынды ғой, Қайреке :lol: Асылбекті бекерге кінәлап жатырсың. Сыпайы сөздерді аударғысы келсе сыпайы сөздерді жазсын. :roll:

Anara sozinin jani bar.... loh degen sipaii soz emes koi sondiktan audarmasi da sipaii bolui mindetti emes
Мәселен, "Ну и что" сөзін "кәне шыққан мүйізін" -деп аударсақ қатып кетеді.
Сонымен берілген бес сөздің аудармасын қорытындылайтын болсақ:
задолбал - қанды ішу
по барабану - маған бәрібір
мне фиолетово - қызықтырмайды, қызық емес, бас ауыртпау
кишка тонка - қолынан боқ келмеу,
лох - анықталған жоқ. (лох - лох болып қала берсін)
1. Задолбал
"миымды шіріттің". "мозгты" қазақшалап алып "мазганы шірітпе" деген де баяғыдан бар^_^
2. По барабану
"бәрібір"-ге жетері жоқ, орыстардың өздері "барибир" деп жиі айтады ғой
3. мне фиолетово
мұнда да "бәрібір"
4. Лох
"Лох", "лошара" мағынасында қолданылып жұрген сөздер:
- "қапшық" (бұл менімше лохтан гөрі чайникке көбірек келеді - "әзірше бос болса да біртіндеп толтыруға болады")
- "қырғауыл" (басқа мағыналарда да қолданылады)
- "Лашбек" (соңғы кезде мектеп оқушыларының шығарып алғандары)

5. Кишка тонка
жаргондық немесе фразеологиялық баламасын таба алмай қойдым. Жүрексіну, су жүрек, қоян жүрек деуге болатын сияқты имхо
"қорқу" мен "шошу"-дың арасынан шығарып алған "шошқақ адам" дегенді естігенім бар^__^
"Болат Мұхтар" 5. біздер бір екі рет тікелей аударған едік, дегенмен, оңтайлысы мынау - қолынан боқ келмейді)

Бұл "руки из задницы растут", "криворукий" дегенге келеді.
Ал "кишка тонка"-ның контексіне қарау керек. "Что, кишка тонка?" екі түрлі мағынада айтылуы мүмкін ғой:
1) Не, жүрексініп тұрмысың?
2) Не, қолыңнан келей ме?

Өткен жолы бір мәтінді аудармақшы болғанымда мына сөздерге қиналып едім, баламасын табуға көмектесе аласың ба?

1) бардак
2) чмо
3) терпила немесе терпило
4) в масть
5) корты, сидеть на кортах
6) фраер
7) по понятиям

Бірдеңе қылып әйтеуір мағынасына келтіргем, бірақ дәл, экспрессивтік-эмоционалдық жағынан да сәйкес аудармасын таба алмадым>_<
Али Гофрен қандай-қандай сөздерді тауып алғансыз? ) Чмо дейді? )Бұл сөздер қай жерде жүргенде айтылатын сөздер өзі? Жастардың тілі ме, басқаның тілі ме? Қазақта боқтық сөз аздай, бұларды сол қалпында қолдана берсек болмай ма? Мақсатымыз осындай типа (типаны аудару керек!) боғауыз сөздерді аудару емес шығар? .. В масть-қа нұсқамды ұсынамын. - дөп түстіңіз.
"Халықаралық әйелдер күні" - день международных женщин болып кеткен жоқ па? :lol:
ЧМО - боқмұрын, сілімтік