Орыс сөздерін қазақшалайық!!!

Өзге тілдің бәрін өз тіліңді құрметте демекші қазіргі кезде мен қазақпын деп жүргендердің өздері шала сөйлейді яғни орысша -қазақша аралас... Ойлана отырып күнделікті орысша қолданып жүрген сөздерді неге қазақша аудармасқа деп шештім. Әрине, бұл блогтарға да жазылып жүр дегенмен нағыз талқыға салынатын жер форум секілді сондықтан мына сөздерге өз нұсқаларыңызды жазсаңыздар
1. Задолбал
2. По барабану
3. мне фиолетово
4. Лох
5. Кишка тонка

талпа сөзін қазақша баламасын іздейк ("көп" емес)
Колготки деген сөздің қазақшасы қалай болады?
Достар! "фенечка" сөзін қазақшаға аударайықшы! аударуға тұрарлық нәрсе деп ойлаймын. Кімді ұсыныс бар?
"Дебют" сөзін қалай қазақшалауға болады?
Құлаққапты мен мойындамаймын, сондықтан әлi «наушник» деп жүрмін.

«Дебюттi» «Алғашқы қадам» деп жатады ғой, түсінбей қалып көрмеппiн )
3-шісіне :ugeek: осылайша үндемей отыра салған жеткілікті сияқты...
3-шісіне фиолетовый түске боялып үндемей отыра салған жеткілікті сияқты...)
Тіл комитетінің басшылығымен, соңғы 2007 жылы шыққан "Орфографиялық сөздікті" басшылыққа алатын болсақ, сөздіктің 331-ші бетінде бұл сөз "қ" дыбысымен жазылған. Яғни, дұрысы "рақмет". :!:
ал достар
1.новый
2.свежий
осы екі сөздің қазақшасы қандай
Новый - жаңа
Свежий - соны, жаңа, жас