Орыс сөздерін қазақшалайық!!!
Өзге тілдің бәрін өз тіліңді құрметте демекші қазіргі кезде мен қазақпын деп жүргендердің өздері шала сөйлейді яғни орысша -қазақша аралас... Ойлана отырып күнделікті орысша қолданып жүрген сөздерді неге қазақша аудармасқа деп шештім. Әрине, бұл блогтарға да жазылып жүр дегенмен нағыз талқыға салынатын жер форум секілді сондықтан мына сөздерге өз нұсқаларыңызды жазсаңыздар
1. Задолбал
2. По барабану
3. мне фиолетово
4. Лох
5. Кишка тонка
Субординация
лузер
Anara sozinin jani bar.... loh degen sipaii soz emes koi sondiktan audarmasi da sipaii bolui mindetti emes
задолбал - қанды ішу
по барабану - маған бәрібір
мне фиолетово - қызықтырмайды, қызық емес, бас ауыртпау
кишка тонка - қолынан боқ келмеу,
лох - анықталған жоқ. (лох - лох болып қала берсін)
"миымды шіріттің". "мозгты" қазақшалап алып "мазганы шірітпе" деген де баяғыдан бар^_^
2. По барабану
"бәрібір"-ге жетері жоқ, орыстардың өздері "барибир" деп жиі айтады ғой
3. мне фиолетово
мұнда да "бәрібір"
4. Лох
"Лох", "лошара" мағынасында қолданылып жұрген сөздер:
- "қапшық" (бұл менімше лохтан гөрі чайникке көбірек келеді - "әзірше бос болса да біртіндеп толтыруға болады")
- "қырғауыл" (басқа мағыналарда да қолданылады)
- "Лашбек" (соңғы кезде мектеп оқушыларының шығарып алғандары)
5. Кишка тонка
жаргондық немесе фразеологиялық баламасын таба алмай қойдым. Жүрексіну, су жүрек, қоян жүрек деуге болатын сияқты имхо
"қорқу" мен "шошу"-дың арасынан шығарып алған "шошқақ адам" дегенді естігенім бар^__^
Бұл "руки из задницы растут", "криворукий" дегенге келеді.
Ал "кишка тонка"-ның контексіне қарау керек. "Что, кишка тонка?" екі түрлі мағынада айтылуы мүмкін ғой:
1) Не, жүрексініп тұрмысың?
2) Не, қолыңнан келей ме?
Өткен жолы бір мәтінді аудармақшы болғанымда мына сөздерге қиналып едім, баламасын табуға көмектесе аласың ба?
1) бардак
2) чмо
3) терпила немесе терпило
4) в масть
5) корты, сидеть на кортах
6) фраер
7) по понятиям
Бірдеңе қылып әйтеуір мағынасына келтіргем, бірақ дәл, экспрессивтік-эмоционалдық жағынан да сәйкес аудармасын таба алмадым>_<