Қамыр илеудің құпиялары

Қамыр илеуде әркім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Мен, әсіресе бауырсақтың қамырын илеу үшін, міндетті түрде жақсы музыканы қосып қоямын. Құпиямды ашайын: көңілді музыка тыңдап жүріп иленген қамыр, жақсы көтеріледі. Құрамына міндетті түрде жұмыртқа мен маргаринді қосамын. Кейбір ханымдар қамырды майонезде илейді, ал кейбіреулер айранда... Соған қарамастан, қамыр әркімде әр түрлі болып шығады. Сіз қалай илейсіз?

Дельфина кеңестеріңізге рахмет)
Сары май - қаттылық үшін,
Жұмыртқа - түсі сарылау болу үшін,
Майонез, айран, қаймақ қоссаңыз бауырсақ ерекше дәмді болады.
Қант көп қосылып кетсе нан көтерілмей қалады.

Мен бауырсақ, т.с.с.қамырын илегенде қантын көп қосамын, көтеріледі.
Тауық етін қайнатып, қамырды соның суымен илесе күштііі дәмді болады :D
Сорпада қамыр илеуге болатыны жайлы білмеп едім) барлық сорпамен болады ма? әлде тек тауық сорпасына ма?
Сорпада қамыр илеуге болатыны жайлы білмеп едім) барлық сорпамен болады ма? әлде тек тауық сорпасына ма?

иә, ет асқанда да соның сорпасына қамырын илесеңіз еттің дәмі сіңеді, тұзды, ерекше дәмді болып шығады.
Әлі қамыр илей алмаймын :roll:
Мен де илей алмаймын. Бірақ анам айтады басыңа түскенде, қалай үйреніп кеткеніңді өзің білмей қаласың деп.