Қамыр илеудің құпиялары

Қамыр илеуде әркім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Мен, әсіресе бауырсақтың қамырын илеу үшін, міндетті түрде жақсы музыканы қосып қоямын. Құпиямды ашайын: көңілді музыка тыңдап жүріп иленген қамыр, жақсы көтеріледі. Құрамына міндетті түрде жұмыртқа мен маргаринді қосамын. Кейбір ханымдар қамырды майонезде илейді, ал кейбіреулер айранда... Соған қарамастан, қамыр әркімде әр түрлі болып шығады. Сіз қалай илейсіз?

Сары май - қаттылық үшін,
Жұмыртқа - түсі сарылау болу үшін,
Майонез, айран, қаймақ қоссаңыз бауырсақ ерекше дәмді болады.
Қант көп қосылып кетсе нан көтерілмей қалады.
хехе))оқасы жоқ
Тағы кімнің қандай сырлары бар қамыр илеуде?
Тағы кімнің қандай сырлары бар қамыр илеуде?

сіз айтқан сырларыңызды менде пайдаанамын :)
Осы қамырмен қаспын. Еттің іңкәлін қатырамын. Ал бауырсаққа тым қатты қылып жіберемін. жұмсақ жасау үшін не істеу керек?

ең дұрысы қамырды сүтке илеу керек,дәмі жақсы болады. Бауырсағыныз қатты болмай жұмсақ болсын десеңіз қамырды боп бос қып илеген дұрыс. ашытуға қойған уақытта 1,2рет арасында илеп алыңыз.
айтпақшы, қыздар, ашытқыны көп салмау керек дейді ғой осы...миға зиян деді ме...ұмытшақтыққа апарады деген сияқты еді мамам талай
айтпақшы, қыздар, ашытқыны көп салмау керек дейді ғой осы...миға зиян деді ме...ұмытшақтыққа апарады деген сияқты еді мамам талай

Мен естімеп едім
:D бір оқиға есіме түсіп кеткені...
қызық оқиғаңды бөлісе отырыңыз, Мика