Қамыр илеудің құпиялары
Қамыр илеуде әркім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Мен, әсіресе бауырсақтың қамырын илеу үшін, міндетті түрде жақсы музыканы қосып қоямын. Құпиямды ашайын: көңілді музыка тыңдап жүріп иленген қамыр, жақсы көтеріледі. Құрамына міндетті түрде жұмыртқа мен маргаринді қосамын. Кейбір ханымдар қамырды майонезде илейді, ал кейбіреулер айранда... Соған қарамастан, қамыр әркімде әр түрлі болып шығады. Сіз қалай илейсіз?
Жұмыртқа - түсі сарылау болу үшін,
Майонез, айран, қаймақ қоссаңыз бауырсақ ерекше дәмді болады.
Қант көп қосылып кетсе нан көтерілмей қалады.
Мен бауырсақ, т.с.с.қамырын илегенде қантын көп қосамын, көтеріледі.
иә, ет асқанда да соның сорпасына қамырын илесеңіз еттің дәмі сіңеді, тұзды, ерекше дәмді болып шығады.