Чемпиондар Лигасы

Армияшыларға шын риза болдым! Реалдан қорықпай ашық футбол ойнау әр команданын қолынан келе бермейді! Екінші таймда Слуцкийдің шабуылды күшейтетін ойыншылар шығарып оңтайлы шешім қабылдағанында атап өту керек! Негізі орыстар осы сезонда жақсы футбол корсетіп жатыр әзірше. Зениттін Бенфикаға соққан голын шедевр деп айтуға болады

Наполи шығад деп бәрі өздерінше үміт артып еді...
Әлемде ең мықты емес, әлемде мықталарының бірі десең жарасар, әлде Испан примьерасын ұмытып кеттің ба? Ағылшын лигасына бар күш салғаны белгілі еді ғой, о баста, қалай да Манчестер Ситиді қуып жетеміз деген сияқты, негізі олар қалпақпен ұрып аламыз деген ойлармен ойнаған болатын Базельмен, бірақ Манчестер сити пен Стоук сити сияқты ойын шықты, не дегенмен Базель бәрібір Бавария мен Манчестер Юнайтед, тағы басқа алпауыттарға қарағанда өте әлсіз, оны өзің де көз жеткізгенсің ғой? Манчестер юнайтедты жеңгені ол әншейін кездейсоқтық деп есепте. Швейцария лигасының қарқыны ағылшың лигасынмен салыстырысқа келмейді. Итальяндық Наполи мықты команда десең енді жарасады.
Баварияның қосалқы құрамы әлсіз екені белгілі ғой, Реалмен салыстыруға келмес енді, бірақ сонда да ол тұрақсыз команда, қалай сенсек те.Әрине бүткіл ойындарды жоғарғы қарқынмен ойнай алмайды,бірақ, оған бір жақсы орындаушылар жетіспейтін сияқты, әлде Рибери шаршап қалған ба, көзге көрінбей кетті 2006-дан бері. Ойыншыларын алсақ, Швайнаштайгер мен жүгірмек есімі кем еді әлгі Роббен

Испан примерасы несімен мықты екен? Реал мен Барселона ғана ол жерде ойын көрсететін! Қалғандарының бәрі әншейін команда. Мүмкін Валенсияны айтарсың, бірақ ол несімен мақтана алады? Екі рет ЧЛ финалына шыққанымен бе? Солма Испанияның үшінші командасының жетістігі??? Басқа қандай команданы айта аласың? Ла-лига Барса мен Реалдың "циркі" ғана! АПЛ әлемдегі ең мықты лига! Тартыс жағынанда, ойын жағынанда, мен бұны неміс футболының жанкүйері болсамда айтып отырмын!
Ал Манчестердің Базельден өз алаңында жеңіліп қала жаздап, соңғы минутта ғана теңестіргені, Базельде 2-1 мен ұтылғаны кездейсоқтық дегің келе ма сонда??? Олар білді жеңбесе позор болатынын, бірақ жеңе алмады. Базель рухы мықты команда, жеңіске деген құштарлықтары мықты болған соң Манчестерді ұшырған. Наполи де сондай, рухтары мықты команда, аяғына дейін таласады.
Рибери көрінбейді дейсің, осы маусымда Баварияны жетектеп жүрген сол Рибери! Бундеслигада 10 гол салып 11 нәтижелі пас берген! Ал Роббен жарақатынан кейін енді енді бабына келуде. Швайниде сол.
Сен Баварияның құрамында Бундестимнің 8 ойыншысы ойнайтынын білмейтін боларсың! Қорғаушы Филипп Лам әлемдегі ең үздік қорғаушылардың бірі, тағы ең үздік қақпашылардың бірі Мануель Нойерді де ұмытпа! 42 миллион тұратын голеадор Гоместіде есіңе сап қояйын! 2010 жылғы Алтын бутсы иегері Томас Мюллер бар! Бундестимнің белді ойыншылары Бадштубер, Боатенг, Кроостардыда ұмытпағайсың!!!


Испан примьерасы Атлетик пен Атлетико, Валенсия мен Севилья, Осасуна мен Вильяреал деген командаларымен мықты, ал анғылшындарда не бар? Өшіп қалған Арсенал мен Ливерный [s]шұжық[/s] пуль ма? Әлде Фабрицио Коллочини ойнайтын Ньюкасл ма? Әлемдегі ең мықты лиганың Манчестер Юнайтеды әлсіз Базельден жеңілді, ал Еуропа лигасында да Манчестер сити де жеңіліп қалды, есіңде жоқ па?
Мен үшін ол кездейсоқтық, Базель әлсіз команда, рухы болсада бәрібір ол шыңдарға жетелемейді, сол себепті 7-0 жеңілгені. Наполині шатастырма, Наполи әлемдегі ең мықты лиганың бірінде ойнайды және чемпиондар лигасына сол лигадан жолдама алған, итальян лигасы әлемдегі мықты лиганың бірі.

Барштубер, Кроос, Мюллер әле өскен жоқ, әлемдік деңгейге жетіңкіремейді, егерде сондай мықты болғанда неге Реалға түрік Озілді алған? Мюллерді емес? Әлде түрік арзан тұрған ба?
Сондықтан ешқайсысын шететтуге болмайды, Итальян лигасында Интер мен Милан болса, испан примьерасында Барселона мен Реал, ал ағылшындарда Манчестер мен Челси, неміс лигасында Байер Мюнхен.
Үшеуі де тең, неміс лигасы анау үшеуіна қарағанда кішкені деңгей жетпейді.

Осыдан, рейтинг кестесі әділетті деп санаймын, өйткені олар шынайы. УЕФА лигаларының рейтингі.
Дегенмен, жақсы теледидар жоқ болса, көзді ауыртпай көретін, көрмеуге де болады, денсаулық бәрінен қымбат.

Егер жақсы теледидарың болмаса, саған мүлде телик көруге болмайдығо :D осы уақытқа дейін не қарап жүрсің сонда :lol:

Джинлипуны қарап жүрмін, оған күлуге болмайды деп түсінемін, өйткені ол күлкілі емес. Адамның өз жағдайына байланысты ғой, жағдай жоқ болса күлуге болар ма еді? Көршінің үйінде жақсы теледидар бар, чемпиондар лигасы болғанда жақсы мачтарға шақырады.
Жалпы 60000 теңгемді қимай жүрмін, сол теледидарға, одан да екі жілік жылқы етін алмаймын ба? Науырызға қарсы.
Наполи шығад деп бәрі өздерінше үміт артып еді...

ойынды тікелей эфирде көрдіңізба? қуанған шығарсыз?)))
[quote:4z075tai]
Испан примьерасы Атлетик пен Атлетико, Валенсия мен Севилья, Осасуна мен Вильяреал деген командаларымен мықты, ал анғылшындарда не бар? Өшіп қалған Арсенал мен Ливерный [s]шұжық[/s] пуль ма? Әлде Фабрицио Коллочини ойнайтын Ньюкасл ма? Әлемдегі ең мықты лиганың Манчестер Юнайтеды әлсіз Базельден жеңілді, ал Еуропа лигасында да Манчестер сити де жеңіліп қалды, есіңде жоқ па?
Мен үшін ол кездейсоқтық, Базель әлсіз команда, рухы болсада бәрібір ол шыңдарға жетелемейді, сол себепті 7-0 жеңілгені. Наполині шатастырма, Наполи әлемдегі ең мықты лиганың бірінде ойнайды және чемпиондар лигасына сол лигадан жолдама алған, итальян лигасы әлемдегі мықты лиганың бірі.

Барштубер, Кроос, Мюллер әле өскен жоқ, әлемдік деңгейге жетіңкіремейді, егерде сондай мықты болғанда неге Реалға түрік Озілді алған? Мюллерді емес? Әлде түрік арзан тұрған ба?[/quote:4z075tai]
Осы айтқан командаларың Чемпиондар Лигасыеда қандай жетістікке жетті айтшы??? Олардың деңгейі Еуропа Лигасы ғана! Жоғарғы деңгейде ойын көрсететін Реал мен Барселона ғана! Осы екеуінен басқа қай командасы Лалиганың жасындай жарқылдап еді??? Оған сөз таластырып керек емес! Сен ағылшын командаларын жақтырмайсың, есіңде болса бір жылдары ағылшынның 4 бірдей командасы плей-оффта ойнаған кездері болған! Ал биылғы сәтсіздіктерін кадрлар проблемасымен байланысты деп ойлаймын. Базельдің класы төмен, оған дау жоқ, бірақ олар рухының биіктігінің арқасында осы дәрежеге жетті! Наполиді нашар команда деп айтқаным жоқ, олардың шабуылдаушы үштігі кез-келген командаға қорқыныш әкеледі. Бірақ, Стэмфорд-Бриджте Челси Наполиден жоғары болды. Челсидің ардагер ойыншылары сол команданы батпақтан шағарған! Ал А Сериясына келсем, дау жоқ, тартысты чемпионат. Бірақ олар өздерінің келсісілген матчтарымен абройларын түсіріп алды, ойындары да сүреңсіз болып кеткен. Бәрақ осы соңғы екі жылда қайтадан, сол баяғы қызықты, тартысты ойындарын қайта таба бастады. Рейтинг кестесі шынымен де [b:4z075tai]әділ[/b:4z075tai], өйткені қазіргі рейтингте бірінші орында АПЛ, екінші Ла-лига, үшінші Бундеслига, ал төртінші А Сериясы!
Бадштубер мен Кроос жайлы келісем, олар әлі өсуде! Бірақ Мюллер жайлы ойың жаңсақ! Түсіндірейін:
Біріншіден, Мюллер мен Өзилдің алаңдағы рөлдері әртүрлі. Мюллер Өзилге қарағанда шабуылға жақынырақ! Әрі ол Неміс құрамасында көбіне оң қанатта ойнайды. Бавариядада күзде Роббен жоқ кезде оң қанатта ойнады, дәл сол кезде Баварияны ЧЛ басты фавориттерінің қатарына жатқызған болатын! Ал Өзіл көбіне орталық алаңда!
Екіншіден, Мюллер Бавариялық! Бавария мектебінен тәлім алған, сол мектепте өскен! Ондай мықты шыққан жұлдыздарын Бавария ешқашан сатпаған, сатпайды да! Ал Өзил ортаңқол Вердерде өнер көрсетті, оларға ұсынылған 32 миллионнан мұндай ортаңқол командалар бас тарта алмайды!
Үшіншіден, Мюллердің бағасы 2010-дағы Әлем чемпионатынан кейін 10 миллионнан 23 миллионға бірден көтерілді. Ал қазіргі бағасы 35 миллион! Егер ол әлемдік деңгейде өнер көрсетпесе, бағасы осынша көтерілерма еді?
Джинлипуны қарап жүрмін, оған күлуге болмайды деп түсінемін, өйткені ол күлкілі емес. Адамның өз жағдайына байланысты ғой, жағдай жоқ болса күлуге болар ма еді? Көршінің үйінде жақсы теледидар бар, чемпиондар лигасы болғанда жақсы мачтарға шақырады.

Сенің Jinlipu-ді қарап жүрегніңе күліп отқам жоқ! Ондайды бізде көргембіз) Сенің мүлде телек қарамайтындай сөлегеніңе күлдім!
Чемпиондар Лигасы болмаса да, кеше МЮдің дәрменсіз ойыны көңіл-күйді түсіріп жіберді. 90минутта қақпаға екі рет соғу сұмдық қой!!! Мен үшін ЧЛ мен ЕЛ-сында қарайтын команда қалмады ((( Мамыр айында тек финалды бір қарармын....
Чемпиондар Лигасы болмаса да, кеше МЮдің дәрменсіз ойыны көңіл-күйді түсіріп жіберді. 90минутта қақпаға екі рет соғу сұмдық қой!!! Мен үшін ЧЛ мен ЕЛ-сында қарайтын команда қалмады ((( Мамыр айында тек финалды бір қарармын....

Екі Манчестерлік клубтың екі лигаданда ұшып кеткені мені қуантады :lol: