Чемпиондар Лигасы

Армияшыларға шын риза болдым! Реалдан қорықпай ашық футбол ойнау әр команданын қолынан келе бермейді! Екінші таймда Слуцкийдің шабуылды күшейтетін ойыншылар шығарып оңтайлы шешім қабылдағанында атап өту керек! Негізі орыстар осы сезонда жақсы футбол корсетіп жатыр әзірше. Зениттін Бенфикаға соққан голын шедевр деп айтуға болады

Әлемде ең мықты емес, әлемде мықталарының бірі десең жарасар, әлде Испан примьерасын ұмытып кеттің ба? Ағылшын лигасына бар күш салғаны белгілі еді ғой, о баста, қалай да Манчестер Ситиді қуып жетеміз деген сияқты, негізі олар қалпақпен ұрып аламыз деген ойлармен ойнаған болатын Базельмен, бірақ Манчестер сити пен Стоук сити сияқты ойын шықты, не дегенмен Базель бәрібір Бавария мен Манчестер Юнайтед, тағы басқа алпауыттарға қарағанда өте әлсіз, оны өзің де көз жеткізгенсің ғой? Манчестер юнайтедты жеңгені ол әншейін кездейсоқтық деп есепте. Швейцария лигасының қарқыны ағылшың лигасынмен салыстырысқа келмейді. Итальяндық Наполи мықты команда десең енді жарасады.
Баварияның қосалқы құрамы әлсіз екені белгілі ғой, Реалмен салыстыруға келмес енді, бірақ сонда да ол тұрақсыз команда, қалай сенсек те.Әрине бүткіл ойындарды жоғарғы қарқынмен ойнай алмайды,бірақ, оған бір жақсы орындаушылар жетіспейтін сияқты, әлде Рибери шаршап қалған ба, көзге көрінбей кетті 2006-дан бері. Ойыншыларын алсақ, Швайнаштайгер мен жүгірмек есімі кем еді әлгі Роббен

Испан примерасы несімен мықты екен? Реал мен Барселона ғана ол жерде ойын көрсететін! Қалғандарының бәрі әншейін команда. Мүмкін Валенсияны айтарсың, бірақ ол несімен мақтана алады? Екі рет ЧЛ финалына шыққанымен бе? Солма Испанияның үшінші командасының жетістігі??? Басқа қандай команданы айта аласың? Ла-лига Барса мен Реалдың "циркі" ғана! АПЛ әлемдегі ең мықты лига! Тартыс жағынанда, ойын жағынанда, мен бұны неміс футболының жанкүйері болсамда айтып отырмын!
Ал Манчестердің Базельден өз алаңында жеңіліп қала жаздап, соңғы минутта ғана теңестіргені, Базельде 2-1 мен ұтылғаны кездейсоқтық дегің келе ма сонда??? Олар білді жеңбесе позор болатынын, бірақ жеңе алмады. Базель рухы мықты команда, жеңіске деген құштарлықтары мықты болған соң Манчестерді ұшырған. Наполи де сондай, рухтары мықты команда, аяғына дейін таласады.
Рибери көрінбейді дейсің, осы маусымда Баварияны жетектеп жүрген сол Рибери! Бундеслигада 10 гол салып 11 нәтижелі пас берген! Ал Роббен жарақатынан кейін енді енді бабына келуде. Швайниде сол.
Сен Баварияның құрамында Бундестимнің 8 ойыншысы ойнайтынын білмейтін боларсың! Қорғаушы Филипп Лам әлемдегі ең үздік қорғаушылардың бірі, тағы ең үздік қақпашылардың бірі Мануель Нойерді де ұмытпа! 42 миллион тұратын голеадор Гоместіде есіңе сап қояйын! 2010 жылғы Алтын бутсы иегері Томас Мюллер бар! Бундестимнің белді ойыншылары Бадштубер, Боатенг, Кроостардыда ұмытпағайсың!!!
Дегенмен, жақсы теледидар жоқ болса, көзді ауыртпай көретін, көрмеуге де болады, денсаулық бәрінен қымбат.

Егер жақсы теледидарың болмаса, саған мүлде телик көруге болмайдығо :D осы уақытқа дейін не қарап жүрсің сонда :lol:
[quote:2wuwdv1a][b:2wuwdv1a]Сәнияны Челсидің кешегі жеңісімен құттықтаймын!)) [/b:2wuwdv1a]
Челси өзінің бұрыннан келе жатқан мықты ойыншыларының арқасында осындай үлкен ірі жеңіске жетті! Дрогба мен Лэмпардқа үлкен РЕСПЕКТ! Боаш бапкердің кеткені де дұрыс болған сияқты, оның ойын схемасы Челсидің ойын философиясы мен ойыншыларына онша келіңкіремеген еді, енді өзінің бұрынғы ойын өрнегін қайта табар деген үміттеміз)[/quote:2wuwdv1a]
рахмет)))))))))))))
[b:15zi3v45]Сәнияның қаһарMANдары)[/b:15zi3v45]



ии зандарым сол)))))
ии зандарым сол)))))

1/4 финалда Челсидің кіммен кездескенін қалайсыз???
Әрине Реалмен!!!
Реалды өте алмайдау Челси... Қазір ЧЛ әлсіздеу командалар АПОЕЛЬ, Марсель, Бенфика. Солардың бірі түссе жақсы болар... Неде болса ертең белгілі болар, мен өзім Реал мен Барсаның бір-біріне түскенін қалаймын, тағыда ұмытылмас екі "эль-классиконың" куәгерлері болар ек...
Реалды өте алмайдау Челси... Қазір ЧЛ әлсіздеу командалар АПОЕЛЬ, Марсель, Бенфика. Солардың бірі түссе жақсы болар... Неде болса ертең белгілі болар, мен өзім Реал мен Барсаның бір-біріне түскенін қалаймын, тағыда ұмытылмас екі "эль-классиконың" куәгерлері болар ек...

))) Сонда да қызық болады
Челсидің жолы болды. Әйтпесе, кім біледі....