Адам есімдерінің оның тағдырына қаншалықты әсері бар?

Қайырлы күн достар! Осы сіздер есімдеріңіздің тағдарларыңызға ықпалы бар дегенге сенесіздер ме? Қазақ ырымшыл халық емес пе? Расында әсері болады дейді. Сіздер қалай ойлайсыздар? Мысалмен дәлелдеп көрелік)

Менің есімім - Балхия. Кейбіреулер арабша есім дейді... Шынына келгенде магынасын өзім де білмейдекем... Ұят-ай..!!!;-))) :P
Менің есімім- Күміс. Бұл есімді маған папамның інісі қойған. Не үшін осылай қойғанын білмейді екенмін

неге Алтын демеді екен :roll:
Есімім - Салтанат. Күшті есім, жақсы көрем, есімімнің өміріме қаншалықты әсері барын білмеймін, бірақ еш салтанаттан құр қалып жүрген жоқпын, жүрген жерімнің бәрі салтанат десең...
Маған осындай есім берген адамдарға ризамын. Басқа ат қойғанда ренжитін едім)))
Менің есімім- Күміс. Бұл есімді маған папамның інісі қойған. Не үшін осылай қойғанын білмейді екенмін

неге Алтын демеді екен :roll:

Оны сұрап көрермін.
маған Гүлназ деген ат ұнайды) ал жалпы есімім Әйгерім, ол да ұнайды) сол жылы қатты мода болса керек сол есім...
Кеше Валидол деген кісінің атын естіп қалдым. Оның атының қойылу тарихын білмейді екенмін. Және ол кісіге бұл есімнің қаншалықты әсер еткенін білмейді екенмін
Кеше Валидол деген кісінің атын естіп қалдым. Оның атының қойылу тарихын білмейді екенмін. Және ол кісіге бұл есімнің қаншалықты әсер еткенін білмейді екенмін

:) :) :lol:
Валидол? күлеміз бе, жылаймыз ба)
Менің есімім - Гүлнар, негізі анам Меруерт деп қойғысы келген екен (өйткені тәтемнің аты -Гауһар еді), бірақ әжем Гүлнар деп қойыпты. Кім қалай қойса да ренжімеймін)
Менің есімім-Айдана. Иран тілнен аударғанда "ай" - айдай сұлу, "дана"-білгір, ақылды дегенді білдіреді екен. Анамның айтуы бойынша, мен туылған кезде, яғни 1997 жылы Айдана деген есім көптеп қойылыпты, содан менікін де қоя салған. Бірақ, есімім өзіме ұнайды. Адам есімінің тағдырына қаншалықты әсер ететінін білмедім, бірақ кез келген адам өз атына лайық болу керек деп ойлаймын.