Адам есімдерінің оның тағдырына қаншалықты әсері бар?

Қайырлы күн достар! Осы сіздер есімдеріңіздің тағдарларыңызға ықпалы бар дегенге сенесіздер ме? Қазақ ырымшыл халық емес пе? Расында әсері болады дейді. Сіздер қалай ойлайсыздар? Мысалмен дәлелдеп көрелік)

[color=#BF00FF:ar5xveyv]Өздеріңіз көргендей есімім - Мөлдір) Көздерім әдемі болсын деп, таза тұнық болсын деп Мөлдір деп қойыпты. Негізі бауырым Дина деп қойғысы келген екен, оған анам келіспепті мағынасы жоқ деп. Өзімді басқа атпен елестете алмайм :D [/color:ar5xveyv]
[size=150:132q5u88][color=#BF80FF:132q5u88][size=150]Сәлем! Есімім Гүлшат. Камшат деген апама серік болсын, әрі өмірге шаттық, қуаныш әкелген гүлім деп қойса керек..[/size:132q5u88].[/color:132q5u88] :D[/size]
Есімім Сания, арабшадан екінші дегенді білдіреді. Отбасымызда екінші баламын. Қалған жердің бәрінде бірінші болуға тырысамын))
менің атым Орынкүл :) әжем қойған екен, алдымдағы әпкем шетінеп кеткен соң соның орнын басады деп, Орынкүл деп ешкім атамайды бірақ бір өкініштісі, ешкім атамағандықтанба өзімде кейде біртүрлі болып қалам Орынкул десе :)

Әдемі есім ғой, несіне ұяласыз?

Бұрын ұнамайтын шынымды айтсам, қазір сол ұнатпаған кездеріме өзім ренжимін :( Ескі есім ғой, әжемнен естелік болып қалды :(


Орынгүл білесізбе біздің филологияда бір Мәкен деген өте керемет ұстазымыз бар. Сол апайымыздың аузынан осы есім жайлы лекция тыңдағаннан кейін барып әр есімнің түбіне бойлайтын болдым. Мәкен апайымыз да қартайғанша өз есіміне көңіл бөлмепті. Есімінің мағынасын бір кәріс қыз сұрағасын барып ойлана бастадым дейді. Ал ол өз есімін қалай түсіндірді десеңізші. Апайымыз Мәкен арабша "мекен, орын" деген мағына береді. Яғни менің есімім -Орынгүл ғой қазақша деген болатын.
Білмеппін ол жағын Салтанат, рахмет :) сәл-сәл түсініңкіремей отырмын бірақ........ :roll: :)
Cіздің есіміңізді Орынгүл қоймаса, мүмкін Мәкен болар ма еді дегенім ғой)) (қалжың). Есіміңіз өте мағыналы қайта. Бар адамның арманы өмірден өз орнын табу емес пе... Әжеңіз көреген кісі екен
Cіздің есіміңізді Орынгүл қоймаса, мүмкін Мәкен болар ма еді дегенім ғой)) (қалжың). Есіміңіз өте мағыналы қайта. Бар адамның арманы өмірден өз орнын табу емес пе... Әжеңіз көреген кісі екен

ой рахмет көп-көп, енді біліп жүретін боламын сіздің арқаңызда, маған тек сол алдындағы әпкемнің орнын бассын деп қойғанмын деп түсіндірген болатын, менде онша қызыға қоймағанмын ғой, рахмет, Аллаһ разы болсын :)
Атым - Гүлназ. Мені Эльназ деп атағылары келіпті, бірақ әкем "Ол қазақша ат емес" деп Гүлназ деп қойыпты. Наз - еркелік деген мағынада.
Атым өзіме ұнайды. Мейіргүл. Мейірлі, шапағатты болсын деп қойылған есім. ;)
Әкеме серік болсын деп папамның ағасы қойыпты