Адам есімдерінің оның тағдырына қаншалықты әсері бар?
Қайырлы күн достар! Осы сіздер есімдеріңіздің тағдарларыңызға ықпалы бар дегенге сенесіздер ме? Қазақ ырымшыл халық емес пе? Расында әсері болады дейді. Сіздер қалай ойлайсыздар? Мысалмен дәлелдеп көрелік)
Сонда "Айка Б" деген серік болсын деген мағына бере ме?
Сонда "Айка Б" деген серік болсын деген мағына бере ме?
Айка деген еркелетуі ғой, шын атым сондай мағына береді
дінге қатысты кісілердің көбі дінге бет бұрған кезде аттарын өзгертіп алады да
Ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманбала, Сасықбай деп әдейі жиіркенішті есім қоя салады. Баламның аты затына сай болсын деп не жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қалуы ықтимал деп жорыған.
Менің есімім Нұрсұлтан. Маған мұндай есім қойғанынада Аллаға шүкіршілік етемін. Әр есімнің адам өміріне әсері ететіні рас.Маған бұл патшамыздың есімін жайдан-жай қоймаған екен. Анам мені босанар алдында бір апта толғатқан екен. Мені босанғаннан кейін анам түс көріпті. Түсінде Елбасымыз ақ киім киіп, домбырамен өлең айтыпты. Содан кейін үлкен кісілер, Өскенде жақсы азамат болсын, Алланың нұры жауып өмірі ұзақ та бақытқа толсын, жүрегі таза да адал иман жүзді болсын, ел басына ұқсап биіктен көрініп халқының қамқоршысы болсын деген ниетпен қойса керек...