Адам есімдерінің оның тағдырына қаншалықты әсері бар?

Қайырлы күн достар! Осы сіздер есімдеріңіздің тағдарларыңызға ықпалы бар дегенге сенесіздер ме? Қазақ ырымшыл халық емес пе? Расында әсері болады дейді. Сіздер қалай ойлайсыздар? Мысалмен дәлелдеп көрелік)

Мен - Ақеркемін! Мына қызыққа қараңыз: Негізі менің әкем де, анам да қара торы кісілер болатын. мен өмірге келгенімде әкем пепрзентханаға келіп анама: "Қызымның есімін Ақерке деп қойып, туу туралы куәлігін жасатып әкелдім!"-депті. Сонда анам мені ақ қыз болмай қала ма деп уайымдап :) , әкеме ызаланған екен. Анамның қорыққаны келмеді... Әрі ақ қызбын, әрі еркемін) ;)
Ал менің есімім - Бақытжан!!! Мен өзімді бақытты жанмын деп есептей алмаймын, себебі атым айтып тұрғандай өмірде бақытты емеспін.,,,,,
Менің есімім, расымен Анара. Көбіне, әрине, соңына –а қойғаным ұнамайды, бірақ расымен метіркеге Анара деп есім берген анам. Бір жағынан анам «модно» болсын деген шығар )) Ал түп мағынасы әрине Анар ғой. Өздеріңізге мәлім, Анар деген жемістің аты. Мен анама айтам да, «Неге Анар қойдыңдар?» — деп. Сөйтсе мамам айтады, ол кезде бұл жеміс дефицит болды ғой, сосын әдемі естілетін, сол үшін қойдық деп. Негізінде маған ат таңдағанда әкем Ақбота деп қойғысы келген екен. Бірақ әкем қара болғандықтан апайларым өзіңе тартып, қара болып кетсе не істейсің деп, сөйтіп ол аттан айнып қалыпты. Апа-аталарым Алмагүл қойғысы келіпті, бірақ анама да, әкеме де ұнамай, ауруханадан шығарда Анара деп жаздыртып шығыпты. Алмагүлден әйтеуір Анар болғаны жақсы болды деп қоямын.

Кейде өз атымды сол анар жемісімен салыстырамын. Бір жағынан пайдалы жеміс, қан көбейтеді, дәрумендерге бай, бірақ қышқылдығы да бар. Сол сияқты мінезім де қаншалықты пайдалы болса соншалықты қырсықтығым да ұстайтын кездері болатын сияқты. ))
Дүниенің басы әуелі
Меруерт тастан жаралған
Меруерт тас еріп су болған
Судан түтін бу болған
Аспан, жер содан жаралған... дейді ғой. Өз есімім өзіме қатты ұнайды. Әуелде мені Сара деп қойғысы келген екен үйдегілер. Содан Бір кино көріп отырып, ішіндегі Сара деген кейіпкердің жағымсыз рөлде ойнауына байланысты, Сара деп қоймайтын болады. Әйтпесе, Сағындықова Сара болуым әбден мүмкін екен. хе хе қызық естіледі екен.)) Папам есімдер кітабын әкеліп, ішін аралаааааааааааап отырып, Меруертті тауыпты. Содан бері Меруертпін! Ризамын. Мен өзімді басқаша елестете де алмаймын. Ғылыми тұрғыдан, меруерт - інжу, кейбір моллюскілердің бақалшақтарындағы шар тәрізді немесе пішіні әр түрлі түзіліс. Түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара.
менің атым Орынкүл :) әжем қойған екен, алдымдағы әпкем шетінеп кеткен соң соның орнын басады деп, Орынкүл деп ешкім атамайды бірақ бір өкініштісі, ешкім атамағандықтанба өзімде кейде біртүрлі болып қалам Орынкул десе :)
менің атым Орынкүл :) әжем қойған екен, алдымдағы әпкем шетінеп кеткен соң соның орнын басады деп, Орынкүл деп ешкім атамайды бірақ бір өкініштісі, ешкім атамағандықтанба өзімде кейде біртүрлі болып қалам Орынкул десе :)

Әдемі есім ғой, несіне ұяласыз?
менің атым Орынкүл :) әжем қойған екен, алдымдағы әпкем шетінеп кеткен соң соның орнын басады деп, Орынкүл деп ешкім атамайды бірақ бір өкініштісі, ешкім атамағандықтанба өзімде кейде біртүрлі болып қалам Орынкул десе :)

Әдемі есім ғой, несіне ұяласыз?

Бұрын ұнамайтын шынымды айтсам, қазір сол ұнатпаған кездеріме өзім ренжимін :( Ескі есім ғой, әжемнен естелік болып қалды :(
Есімім Марат, негізі татардың есімі ғой деп кей біреулер сырттан айтып жататынын естідім, не болса да қазақ болғым келеді! Көкем, әжем, әке шешемнің бірлесіп таңлаған есімі, Едіге болғанша Марат болсын деген еді.
Менің атым Қожа... ааа,,, Ардақ. Үлкен ағам Арман, Ортаншы ағам Арсен, Сосын мен... Ардақ :) қыздың есімі ғой дейді біреулер. Солайы солай шығар, біздің үйде "Три богатыря" үш еркек болғандықтан "әрі қызым, әрі ұлым болсын" деп анам қойыпты ныспымды. Осы-ақ...