Қазақ фамилияларындағы -ов, -ова, -ин, -иналар

Қазіргі кезде қазақша фамилияларды бір ретке келтіріп, -ов, -ова дегендерді алып тастаймыз деп жатыр. Бұған қалай қарайсыздар? Және өз нұсқаңыз бар ма?

Ауыстырудың жұмысы көп дейді ғой, диплом бәрі ауыстыру керек (((((
Ауыстырудың жұмысы көп дейді ғой, диплом бәрі ауыстыру керек (((((

Иә, шынымды айтсам, содан қорқып отырмын))
Қорқатын түгі де жоқ! Осылай анау-мынау деп сылтауратып жүре берсек әрине болмайды, қазір құжаттарды ауыстыру онша қиын емес. Ал енді шатастыру мәселесіне келетін болсақ, шатасатын түгі де жоқ. Біз әлі орысша нұсқамен жүрміз ғой, құжаттар әлі сол орысша нұсқа бойынша рәсімделеді, бірінші-фамилиясы, екінші-аты, үшінші-әкесінің аты. Сондықтан шатаспаңыз, мысалы: Қожахмет Анар Қайырбекқызы несі түсініксіз? Қожахмет Анар? Әрине қазақша нұсқасында Анар Қайырбекқызы Қожахмет болуы керек. Ұлым туғанда 1992 жылы мен бірден фамилиясына ов-ты қосқызған жоқпын, сонда да жексұрындар Косман Нурдаулет Амангельды-улы деп жазып қойған. Ал енді тұрмыс құрғанда жолдасыңнын фамилиясына өту, өтпеу ол енді әрине ойланатын жағдай. Мен өзім жолдасымның фамилиясын алдым, әйтпесе фамилиям Хамидуллина болған))))

Сіздер ұлтымыздың, еліміздің болашағы! Енді сіздер қолдамағанда кім қолдайды?
ов, ва деген тіркестерді алып тастағанда қазақ болып кетесіз бе деген сияқты әңгімелер болып жатыр, ов, ва менде орыс болып кетпейміз!

Құдай ау бізде кейбір қыздарымыз бар "ә" деген әріпті жек көрем дейтін((((

Мен өзім жұмыс істеп отырған мекемеде телефон анықтамасын дайындаймын, әрине қазақ тілінде. Сол кезде шіркіндердің аты-жөндері қазақшаланып кетеді ғой, қызы, ұлы деген тіркестер жазылады))) Ертеңінде кейбіреуінің келіп басыма әңгір таяқ ойнатып кететіндерін қайтесің! Бір қазақ әйелінің фамилиясын қазақшалап жіберсем, неге менің фамилиямды қазақша жазасыз, менің күйеуімнің үш қайнаса сорпасы қазаққа қосылмайды деп дірілдегенде шошып кеттім. Кешіріңіз сіз қазақ емессіз бе? деуге шамам келді, сөйтсем әлгінің байы (кешіріңіздер!) татар екен ғой, көрдіңіз бе татардың жыртысын жыртып, татарды қазақ қылдың деп ашуланып тұрғанын. Басында кешіріңіз, қателік болды, түзетеміз деп өтініп тұрсам, тіптен шаптығып болмайды, әй бір сыбағасын бердім ау! Қайдан шықса оннан шықсын!

))) бастарыңызды қатырып жіберсем кешірім сұраймын!
Негізі маған әкенің атына жазу нұсқасы ұнайды - Пәленшеұлы Түгенше, Түгеншеқызы Пәленше!

Ал менде осы жерде сұрақ бар: менің досымның фамилиясы Ерболатұлы С. Енді ер жігіт болған соң, үйленетіні белгілі болашақта. Оның отырыстарда, бас қосуларда әңгімесінен байқайтыным, "Ер адам әйеліне басынан мықты болу керек, ең бірінші өзінің фамилиясына ауыстыру керек!!!" - деп шығады. Ал өзі сонда фамилиясына өткізетін болсан болашақ жары Ерболатұлықызы болады ма???? :lol: :lol: :lol: :lol:
айтпағым, бізге -ов, -ев, -ова, -ева да керек емес, бірақ "тегі" деген жалғау да келісіңкіремейді, тек атын ғана қалдырудан жоғарыда айтылғандай шатасулар болады, Сейфуллин кім Жолбарыс кім дегендей... бізге басқа модель ойлап табу керек... :ugeek:
Ауыстырудың жұмысы көп дейді ғой, диплом бәрі ауыстыру керек (((((

Иә, шынымды айтсам, содан қорқып отырмын))

жок казыр АХАТ болиминен бир справка береды соны бирак удостоверениемен бирге жубын жазбай алып журуыныз керек. ешкандай "ески" фамилиямен алынган кужаттарды озгертпей-ак коясын
Балаларымнын тегін атасынын атына жаздырам, осылай бәрі істесе, ал қазір көбісі солай істеуде, бір ұрпақ ауысқан соң бәрі қазақша болады.
Негізі маған әкенің атына жазу нұсқасы ұнайды - Пәленшеұлы Түгенше, Түгеншеқызы Пәленше!

Ал менде осы жерде сұрақ бар: менің досымның фамилиясы Ерболатұлы С. Енді ер жігіт болған соң, үйленетіні белгілі болашақта. Оның отырыстарда, бас қосуларда әңгімесінен байқайтыным, "Ер адам әйеліне басынан мықты болу керек, ең бірінші өзінің фамилиясына ауыстыру керек!!!" - деп шығады. Ал өзі сонда фамилиясына өткізетін болсан болашақ жары Ерболатұлықызы болады ма???? :lol: :lol: :lol: :lol:
айтпағым, бізге -ов, -ев, -ова, -ева да керек емес, бірақ "тегі" деген жалғау да келісіңкіремейді, тек атын ғана қалдырудан жоғарыда айтылғандай шатасулар болады, Сейфуллин кім Жолбарыс кім дегендей... бізге басқа модель ойлап табу керек... :ugeek:

белсебед ойап табудың қажеті жоқ. Халыққа нақты жеткізу керек, бірінші тегі, сосын есімі жазылсын. Мысалы менің ағам баласы (племянник), Мұхамеди Санжар. Нәп-нәрмәльні-ақ. Ал әкесінің атына жазылғысы келетіндер Бәленшеұлы Түгенше болып жазыла береді.
[quote="Сымбат Бақытқызы":fx33jd1x]
Негізі маған әкенің атына жазу нұсқасы ұнайды - Пәленшеұлы Түгенше, Түгеншеқызы Пәленше!

Ал менде осы жерде сұрақ бар: менің досымның фамилиясы Ерболатұлы С. Енді ер жігіт болған соң, үйленетіні белгілі болашақта. Оның отырыстарда, бас қосуларда әңгімесінен байқайтыным, "Ер адам әйеліне басынан мықты болу керек, ең бірінші өзінің фамилиясына ауыстыру керек!!!" - деп шығады. Ал өзі сонда фамилиясына өткізетін болсан болашақ жары Ерболатұлықызы болады ма???? :lol: :lol: :lol: :lol:
айтпағым, бізге -ов, -ев, -ова, -ева да керек емес, бірақ "тегі" деген жалғау да келісіңкіремейді, тек атын ғана қалдырудан жоғарыда айтылғандай шатасулар болады, Сейфуллин кім Жолбарыс кім дегендей... бізге басқа модель ойлап табу керек... :ugeek:[/quote:fx33jd1x]

Құдааай ай прііяяям проблема екен да сол. Жай ғана Ерболат деп алса болады немесе Ерболаткеліні деген нұсқа да бар. Меніңше -қызы, -ұлы деген ең жақсы нұсқа. Ал ат пен текті шатастырса, "менің тегім пәленше, ал атым түгенше" деп қайталап бір сөйлем айта салу қиындық тудырмайд.
Сымбат пен Ақжелеңнің пікірлеріне неге қосылмасқа. Халқымызда ежелден Исатай Тайманұлы, Сырым Датұлы, Сара Тастанбекқызы және кешегі Кеңестің кезінде, тіпті әскери трибуналдарына да пысқырмаған Баукең де Момышұлы болып өтті емес пе? Тосын еш нәрсе жоқ. Құлағымызға сіңісті сөздер. Ұлы және қызы дегеніміз ең дұрысы. Қай ұлттың өкілі екенін әрі жынысын айғақтап тұр. Келін болып түскенде не болады, дейтіндерге: Қазақ келіні ешқашанда қайын атасының атын атамақ түгілі қайын ене, қайын аға, тіпті керек десеңіз қайын сіңлілері мен қайындарының атын атамай, тергеп (Еркем, Мырза бала дегендей) ат қойған ибалылығы болған. Сол үшін басқа ұлттарға еліктеп күйеуінің тегіне жармасудың еш реті жоқ. Ал менің тегім әкемнің емес, атамның немесе арғы атамның аты, мен сонда қалайша атамның ұлы бола алам деушілерге: сол әулеттің ұрпағы екеніңіз өтірік емес қой, ұлы қызы болып жазылудың еш сөкеттігі жоқ. Әйтпесе, Пәленбайшөбересі, Түгенбайнемересі әлде Бәленшекешөпшегі делінбес болар.
Ия, дұрыс айтасыз! Ал атасының атына жазылғысыкелсе тегі деген бар. Болмаса ештеме жапгамай-ақ атасынын атын фамилиясы жасап алсын.