Қазақ фамилияларындағы -ов, -ова, -ин, -иналар
Қазіргі кезде қазақша фамилияларды бір ретке келтіріп, -ов, -ова дегендерді алып тастаймыз деп жатыр. Бұған қалай қарайсыздар? Және өз нұсқаңыз бар ма?
Атамның атын алғанмын. Ешқандай қиындық тудырмайды. Інілерім де қиналған емес. Әрдайым қазақша әріптермен жазғызамын.
Болашақ ұрпақтарға қойылмаса жеткілікті.
Иә мен де солай ойлаймын. Балаларыма ова-сыз қоярмын.
овты алмаңыздар овпен туып, овпен өліңіздер
Мен құдай қаласа 25-ке келіп құжат ауыстырғанда -ованы алып тастауға шешім қабыладым
Қыздарға болады ғой, мысалы Мейіргүл Оңғар ) Ал ұлдарға келгенде кішкене шатасуға болады )) Бірақ, көбіне адамның есімі бірінші айтылып, тегі кейін тұрады ғой, соған қарап ажыратпаса...
Негізі маған әкенің атына жазу нұсқасы ұнайды - Пәленшеұлы Түгенше, Түгеншеқызы Пәленше!
Егер мысалы, Бөрібай-ұлы Пәленше-қызын әйел ғып алса, Пәленше-қызы Бөрібай-ұлы болып кете ме?
жоқ, Бәленше Пәленшеқызы Бөрікбаева болады))) негізі "ауыстырмаааайммм" деген вариант та бар
әл-Тарази, әл-Науаи, әл-Фараби дегендей, қазір осы әл-бірдеңе дегендерді көп кездестіріп жүрмін