Қазақ фамилияларындағы -ов, -ова, -ин, -иналар
Қазіргі кезде қазақша фамилияларды бір ретке келтіріп, -ов, -ова дегендерді алып тастаймыз деп жатыр. Бұған қалай қарайсыздар? Және өз нұсқаңыз бар ма?
Қазіргі кезде қазақша фамилияларды бір ретке келтіріп, -ов, -ова дегендерді алып тастаймыз деп жатыр. Бұған қалай қарайсыздар? Және өз нұсқаңыз бар ма?
осыған қосылам, менің алдымдағы бауырларымда -ева, -ев дегендер бар, менен бастап тек атамның аты ғана жазылған. тағы айта кететін жайт туу туралы куәлік бергенде есімнің дұрыс жазылуына мән берген дұрыс, өйткені мамамның тегі Кәдір, ал інісінікі Қадыр. сонда екеуі екі есім болып кетті ғой? олардың әкелері бір екенін қалай біледі? ал негізінде әкелерінің куәлігінде есімі Қадір деп жазылған, міне куәлік бергенде қате жазып быт-шыт қып жіберген. сондықтан тегі, аты, әкесінің атын жазғанда сауатты түрде жазу керек!
Қазақ келіндері жарының тегіне өтуі үлкен қателік. Киеуінің тегіне өту бізге ресейге қараған уақытта пайда болды және киеуінің тегіне өту абырой саналды. Қазақ қыздарына айтарым келешек келін атансаңыздар өз тегілеріңді сақтаған жөн. Тегіңді сұрағанда дардай етіп үлкен атаңның атын қалай айтасыздар? Ал Қазақша аталуға келсек мысалы ; Асқат Боранбайтегі Маратұлы десе жарасар еді.