Негізі шоу жақсы, анам ұнатып көрді. Осыған дейін де айтқанмын бұл туралы, осы жерге де жазайын. Мәдинаның жасандылығы бәрін құртып тұрғандай көрінеді. Медеу Арынбаев сияқты көргені көп, тәжірибесі мол, жасандылығы жоқ, өнерді түсінетін, білімі бар адам отыруы керек деп ойлаймын. Роза Рымбаева мәселен. Ол кісі шемішкедей шағып тастайтын шығар кез келген жанрыңды. Ал жеңімпаз туралы ой айта алмаймын, аяғына дейін қалдырмай көрмедім. Роза Мұқатаева бұрын да бір шоуға қатысты емес пе? Неге қайта-қайта шоуларға шаба беретінін түсінбеймін. Адам өзі тырмысып, еңбектеніп, өз күшімен көрінуі керек қой. Мен оның орнында болсам, шоудан шоуды тоздыруға ұялар едім. Рас айтам.
Жандарбектің мындай сөзі бар еді:
Алтын қайда кетсе онда кетсін
Музейге тапсырмаңдар әділдікті.
Сол сияқты ғой. сатып алғаны айқын көрініп тұр. Халықты надан деген ойдан арылу керек ғой. Бар әділетсіздігікөзге көрініп тұр. Сатып алғандарына сенімдімін. Әділдік музейге кеткен сияқты ғой шамасы.
Жоба біздің елде небір таланттардың бар екенін көрсетті. Әрқайсысының жолы ашылып, бағы жанса екен. Әділ-қазылар арқасында Медеу Арынбаев секілді жандар болуға лайықты. Роза, Мақпал, Нұрғали Нүсіпжанов секілді келе жобаларда әділ қазылар алқасы болып отырғанын көргім келеді. Жеңіске жеткен Томпания "Қазақстан дауысы" болуға лайық екенін көрсете алды деп ойлаймын.
Розаның әдемілігінен бұрын дауыс та бар. Ең алғаш көрмей тыңдау кезеңінде Әдемі қыз әнін қазіргі әншілердей зарланып емес, назданып, жүрекке жеткізіп айтты. Тек соңғы финалда айтқан үш әні де сәтсіз таңдалған. Негізі байқауда бірінші орын алғаннан гөрі, екінші, үшінші орын алғандардың өнердегі жолы ұзақ әрі даңқты болады.
Негізі осы жобадағы фавориттерім Мархаба Сәбиева мен Бердібек Құлғараев еді. Екеуі де гранд финалға жетпей қалды Гранд финалға шыққандардан Жанғали мен Тимурға жанкүйер болдым. Розаның дауысы бар болса да, дауысының күші жоқ...Эксперт емеспін, тыңдарман ретінде айтып отырғаным. Бірақ, Шахаризат "Қазақстан дауысы" болады деген ой келмепті басыма. Меніңше Нұрлан Албан тобында қалған финал алдындағы жарыста Таңат мықтырақ еді Шахаризатқа қарағанда. Тіпті, сол байқауда Медеу аға: "Ал, Шахаризатты тойға шақыра берсеңдер болады. Тойдағыдай көңілімізді көтерді!" деді. Бұл мақтау деп есептемеймін өз басым. Шынымен "Саған халқым" әнін тойдың деңгейінде орындап шықты. Розаның "Қазақстан дауысындағы" фишкасы жас босанып, балалы болғаны) Баланы өзі үшін туса да,халыққа әсер етпей қоймады деп ойлаймын))) Мархаба Розадан әлдеқайда мықты екенін Мадинаның өзі де айтты)
Бердібек те Тимурдан мықтырақ деп ойлаймын. Алмастың тобына жанкүйер болғанымды жасырмаймын. Тимур мен Шахаризат шыққанда өзім өөөте сенімді болдым Тимурдың жеңетініне. Тағы бір айтайын дегенім, Тимурға бір емес, 5-6 рет дауыс бердім смс-пен, ешқайсысы қабылданбады. Әдетте сіз "Тимур Омаровқа дауыс бердіңіз" деп жауап келу керек. Үй телефонынан хабарлассам, "На линии перегрузка" дейді де, тастап жібереді Сөздің қысқасы, мен Шахаризат Сейдахметті "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазына лайықты емес деп есептеймін, кім не десе де. ИМХО!
Алтын қайда кетсе онда кетсін
Музейге тапсырмаңдар әділдікті.
Сол сияқты ғой. сатып алғаны айқын көрініп тұр. Халықты надан деген ойдан арылу керек ғой. Бар әділетсіздігікөзге көрініп тұр. Сатып алғандарына сенімдімін. Әділдік музейге кеткен сияқты ғой шамасы.