Қазақстан дауысы (2013)

Қазақстан дауысы жобасы жайлы ой-пікірлеріңіз.


Соңғы сөздi осы төртеу айтатын болғандықтан, ал олар артқа қарап отыратындықтан сандырақ дей алмадым. Алдын ала ұйымдастырушылар тыңдайтыны - ол да дұрыс. Бiр кездегi «Суперстар» есiңде ме? Кейбiреуiн тыңдап отырып «басыңа тазик киiп алғың келетiн».
Бұл - шоу. Лайық деп танылғандар iшiнен төрт тәлiмгер көрмей тыңдау арқылы өзiне топ жинайды... «Өткендердiң бәрi күштi» дей алмаймын, небiр керемет дауыстарға да бұрылмай жатыр... Бiрақ, жалпы маған ұнап жатыр шоу.
Ұнамайтыны: шет елше «ыңырсыған ән» болса болды Алмастың бұрыла салатыны, тым болмаса кiшкене тыңдап көрсе ғой ). Мадинаның көзi жасаурап шыға келетiнi, «жұрттың жюрилерiнен» қалмайын дегенi болар ). Нұрлан Албан «кел-келдегенде» алдына жан салмайтыны дым көрмегендей ). Медеу - КЕРЕМЕТ! )))

келісілген тірлік екені осы апта көрінді ғой, ютубта видео шықсын дәлелмен айтайын.
Өзім Тимурдың жанкүйері едім, бірақ, Шахаризат жеңгеніне де қуаныштымын! Алақай ғой!

Енді, жақсы әндер жазып, клип түсіріп, өнерде қалыптасса екен! "Қазақстан дауысы" атағы мен ақшаны алғасын, лайықты болу керек! Өссін, өрлесін! Бірнеше жылда Алмастай жюри болуға жарап қалсын! ( Алмас та кезінде осы іспеттес конкурстан шықты ) Әйтпесе, осындай табысқа жетіп, көрінбей кетсе, обал болады!..
бұл жобада маған Тимурдың дауысы ғана ұнады)
Тимурдың даусы кәдімгі, соншалықты ерекше дауыс емес сияқты. Жанғалидың даусы қатты ұнады. Шахризаттың алғаны да мүмкін жақсы болған шығар. Даусында ұлттық нақыш бар сияқты. Роза алып кетсе ұяттау болар еді.
Негізі Роза жеңу керек болатын өзі де әдемі, дауысы да әдемі! Ал Шахиризат сияқты әншілер жетерлік! Көңілімнен шықпады!!!!!!
Негізі Роза жеңу керек болатын өзі де әдемі, дауысы да әдемі! Ал Шахиризат сияқты әншілер жетерлік! Көңілімнен шықпады!!!!!!

Кешірерсіз, талғамға талас жоқ екенін түсінем. Бірақ Розаның диапазоны тар, көп әнді аздап қиналыспен айтады. Даусының әдемі бояуы, өзіне тән нәзіктігі бар, алайда кешкі отырыстарда, шағын форматты концерттерде шырқайтын дауыс. Кеше Сәкенмен қосылып айтқан кезде де әннен ауытқу жиі байқалды. Сүп-сүйкімді, талабы таудай кішкентай баланы үлкен адамдармен жүгіруден жарысқа қоса алмайсыз ғой, сол секілді. Әркімнің өз ортасы, бағалайтын аудиториясы бар. Сұлулығына таласым жоқ, қазақ эстарадасында сұлулар жетерлік.
Финалға шыққан 4 әнші де ұнамады.
Тимурдың бет-пішіне, болмысы әншіге келіп тұр еді, соған бес миллионды беру керек еді. Дей тұра бұл тұста ұстаздардың басынан бастап өздеріне бір шәкіртті таңдап алған сияқты ғой. Өзім болсам, Сандаға берер едім. Дауыс деген жатыр ғой
Тимурдың бет-пішіне, болмысы әншіге келіп тұр еді, соған бес миллионды беру керек еді. Дей тұра бұл тұста ұстаздардың басынан бастап өздеріне бір шәкіртті таңдап алған сияқты ғой. Өзім болсам, Сандаға берер едім. Дауыс деген жатыр ғой

негізі менің түсінгенім бойынша бұл шоу дауысы кең,керемет айтатындарды қабылдамайма деймін. Керісінше айта алмайтындарды қабылдап соларды дайындайтын шоу сияқты көрінді. Қатты айтатындарды қабылдаса оларды несін дайындап әнші етіп шығарады,олар былайда жақсы айтады ғо. Менің түсінгенім осы. Небір зор дауыстағылар кетті ғой. 5 млн кім алғандада бізге пайдасы не? Оны алдын -ала шешіп қойған шығар- ау.
Қазақстан дауысына қатысқан үміткерлер, оның ішінде дауысыөте керемет қыздар мен жігіттер жерде қалмайтынына сенемін.