Жұбайлық өмір
Бос уақыттың көптігі ма, әлде ....
Жолдасым екеуіміз тұрмыс құрғалы 7,5 жыл болды. Жасымыз 33-те. Балаларымыз жоқ. Жолдасым көпшіл, достарымен көп уақыт өткізеді. Ал, мен болсам көбіне үйдемін. 5-6 сағат жолдасымды күткеннен кейін мен де біреумен сөйлесіп, кездесіп, уақытымды өткізгім келеді. Бірақ, барлығының балалары бар. Ешқайда шықпайды. Ал, мен болсам әбден шаршадым. Не істеймін? Бос уақытымды қалай өткізем? Кейде өзім театр, киноға барып қайтамын. Достарым бар әрине, біреуінің баласы кішкентай шыға алмайды. Біреуі ата енемен тұрады, шыға алмайды. Біреуі бала шағасын тастап кете алмайды. Біреуінде ақша жоқ.... тағысын тағы. 05 мамыр 2013 сағ.түнгі 2.30 шамасы
Қиын жағдай екен, біз жаспыз, қандай кеңес бере аламыз? мен өзімнің кішігірім жұбайлық өмірімде түсінгенім, қиындықты жасырмай, бір-біріне ашық айту керек.
Бала табу керек. Болмай жатса дәрігерге қаралған дұрыс шығар. Мәселенің 50 пайызы сода деп ойлаймын. Бала болса біраз ес кірер
күйеуіме бір күн ақыл кірсін деп тілеңіз! Қулық-сұмдықты (жақсы мағынада) іске қосатын уақыт келді. Еркек деген тез алданатын немесе тез арбалатын халық қой