Жұбайлық өмір
Бос уақыттың көптігі ма, әлде ....
Жолдасым екеуіміз тұрмыс құрғалы 7,5 жыл болды. Жасымыз 33-те. Балаларымыз жоқ. Жолдасым көпшіл, достарымен көп уақыт өткізеді. Ал, мен болсам көбіне үйдемін. 5-6 сағат жолдасымды күткеннен кейін мен де біреумен сөйлесіп, кездесіп, уақытымды өткізгім келеді. Бірақ, барлығының балалары бар. Ешқайда шықпайды. Ал, мен болсам әбден шаршадым. Не істеймін? Бос уақытымды қалай өткізем? Кейде өзім театр, киноға барып қайтамын. Достарым бар әрине, біреуінің баласы кішкентай шыға алмайды. Біреуі ата енемен тұрады, шыға алмайды. Біреуі бала шағасын тастап кете алмайды. Біреуінде ақша жоқ.... тағысын тағы. 05 мамыр 2013 сағ.түнгі 2.30 шамасы
Мен сонда қалай өмір сүруім керек? Не істеуім керек? 06 мамыр 2013 сағ 16.35
Меіргүл, пікіріңізді жазғаныңызға рахмет!
Сізбен толық келісемін.
Маған сенбедіңіз бе? Бұл рас. Ол милицияда жұмыс істейді. Жұмысындағылардың әйелдерінің осындайға шыдамай ажырасып кеткендері бірнешеу. Олардың балалары да бар. Екінші рет үйленіп отырғандар. Жұмыстан кеш шығады. Кеш шыққандарымен қоймай ары қарай қыдырады. Жұмыстан кеш шығып, шаршағаннан кейін біраз демалайық дейді.
Мен әрине күйеуім менің көзіме шөп салмайтынына сенімдімін. Мысалы бүгін воскресенье. Түсте жұмысқа кетті. Бүгін стадионда футбол, күйеуім отцепленияға кетті. Футбол сағат 18,00-да басталып, 19.30-да бітеді. Одан жұмысқа барып келгенше кеш болады.
Мен де жұмысқа барам, өз өзімді күтем. Тамақты да жасаймын. Бірақ үйге үнемі тек түнге қарай, ішіп, қыдырып келіп тұрған адамды әрқашан көңілді қарсы алу қиын. Бүгін де сағ 22.00-ға таяп қалды. Қазір жатып ұйықтауға тырысамын.
сізге кеңес айтуға қақым да жоқ шығар, бірақ жарыңызбен тура осындағыдай ашық сөйлескеніңіз дұрыс сияқты