Жұбайлық өмір

Бос уақыттың көптігі ма, әлде ....
Жолдасым екеуіміз тұрмыс құрғалы 7,5 жыл болды. Жасымыз 33-те. Балаларымыз жоқ. Жолдасым көпшіл, достарымен көп уақыт өткізеді. Ал, мен болсам көбіне үйдемін. 5-6 сағат жолдасымды күткеннен кейін мен де біреумен сөйлесіп, кездесіп, уақытымды өткізгім келеді. Бірақ, барлығының балалары бар. Ешқайда шықпайды. Ал, мен болсам әбден шаршадым. Не істеймін? Бос уақытымды қалай өткізем? Кейде өзім театр, киноға барып қайтамын. Достарым бар әрине, біреуінің баласы кішкентай шыға алмайды. Біреуі ата енемен тұрады, шыға алмайды. Біреуі бала шағасын тастап кете алмайды. Біреуінде ақша жоқ.... тағысын тағы. 05 мамыр 2013 сағ.түнгі 2.30 шамасы

Күйеуіңмен жақсылап сөйлес...
Сөйлесем ғой. Бірақ одан нәтиже шығар емес. Жайлап, түсіндіріп те айттым, ұрсысып, жылап та айттым, кейде шаршағаннан ешнәрсе айтпаймын. "Мен осындаймын, соған көн, мен өзгермеймін" дейді. Өзін бойдақ сезінетін сияқты. Жеті жыл өтсе де проблемам осы. Өзімді кейде сондай жаман сезінемін. Өліп немесе басқа жаққа кетіп қалғым келеді. Бірақ орыстар "от себя не убежишь" дейді ғой. Құрбыларыма айтсам мені түсінеді. Ал, еркектер бұған басқа көзбен қарайды ма? Мүмкін әйел осылай өмір сүруі керек деп ойлайтын шығар. Жолдасымды түсіне алмай ақ қойдым. Жоқ ол достарымен қыдырып, уақытын жақсы өткізгісі келетінін түсінемін, бірақ өзімді бақытсыз сезінемін. Оны үйге байлап отырғыза да алмаймын.
Мен сонда қалай өмір сүруім керек? Не істеуім керек? 06 мамыр 2013 сағ 16.35
Үйде отырып жасайтын жұмыстармен айналысып көріңіз мысалы су моншақтардан бұйымдар жасау, романдар оқу, кино көру деген секілді.
7,5 жыл болса, күйеуіңіз 7,5 жыл бойы осындай ма? Мүмкін емес!!! Меніңше, өзіңізді өзгерткеніңіз дұрыс секілді. Оны қызықтырыңыз. Ол іздеп кеткен қызық үйде де бар екеніне көзін жеткізіңіз. Менің бір құрбымда осындай жағдай болған. Ол біраз уақыт өз-өзін тастап жіберді де, бір уақытта өзін жинап алды. Салонға барып шаш қидыртты, жаңа киім сатып алды. Күйеуі үйге кіріп келгенде басқа үйге кіргендей әсер қалдырдым дейді өзі. Тамақтың иісін бұрқыратып қойып, өзін көңілді ұстады. Нәтижесі жаман емес. Күйеуінің беті бері қарап келеді.

Меіргүл, пікіріңізді жазғаныңызға рахмет!
Сізбен толық келісемін.
Маған сенбедіңіз бе? Бұл рас. Ол милицияда жұмыс істейді. Жұмысындағылардың әйелдерінің осындайға шыдамай ажырасып кеткендері бірнешеу. Олардың балалары да бар. Екінші рет үйленіп отырғандар. Жұмыстан кеш шығады. Кеш шыққандарымен қоймай ары қарай қыдырады. Жұмыстан кеш шығып, шаршағаннан кейін біраз демалайық дейді.
Мен әрине күйеуім менің көзіме шөп салмайтынына сенімдімін. Мысалы бүгін воскресенье. Түсте жұмысқа кетті. Бүгін стадионда футбол, күйеуім отцепленияға кетті. Футбол сағат 18,00-да басталып, 19.30-да бітеді. Одан жұмысқа барып келгенше кеш болады.
Мен де жұмысқа барам, өз өзімді күтем. Тамақты да жасаймын. Бірақ үйге үнемі тек түнге қарай, ішіп, қыдырып келіп тұрған адамды әрқашан көңілді қарсы алу қиын. Бүгін де сағ 22.00-ға таяп қалды. Қазір жатып ұйықтауға тырысамын.
Menin de jien agam bar,tergeuwi. Jumyska azanda ketedi de,obedke 2 sagatka kep uiyktaidy da,kaitadan jumyska ketip,tunde bir-ekilerde kep uiyktaidy. Durys tamaktanbaidy. Unemi konil kuii jok bop,warwap juredi. Tym jaksy tergep,kagaz toltyrsa,ertenine tanystary kep wygaryp aketed tergeluwini. Jumystary maz emes. Alla kosty goi sizderdi. Ajyramanyzdar!
Алладан сәби тілеңіз, бақытты болуға перзент қана жетпей тұрған сияқты...
білмейм, мен жынданып кететін шығармын бірден. Егер олай қыдырса, мен неге қыдырмасқа? Мүмкін сізге қарама-қарсы тура өзі сияқты жасап көру керек шығар.
білмейм, мен жынданып кететін шығармын бірден. Егер олай қыдырса, мен неге қыдырмасқа? Мүмкін сізге қарама-қарсы тура өзі сияқты жасап көру керек шығар.

сізге кеңес айтуға қақым да жоқ шығар, бірақ жарыңызбен тура осындағыдай ашық сөйлескеніңіз дұрыс сияқты