Күйзелістен шығу

Өмірде түрлі жағдайлар болады. Кейбір кездері көңіл түсіп, күйзеліске ұшырап жатамыз. Сондай кезде қалай қалыпқа келесіздер? Не істейсіздер?

Күйзелістен шығу үшін - үйден шығу керек.
Бұл жерде бір айта кететін жағдай, мақсат мас болу емес, досыңмен сыр бөлісу! Қызу кезіңде ішіңе сыр сақтамай бәрін ақтарып саласың! Ішу дегенге араққа тойып ап, маскүнемдікке салыну деп түсінбеңіздер!

Сонда да дұрыс емес қой
Сіз өзіңізді рақымды, кешіре білетін адам деп санайсыз ба? Бұл жақсы ма, жаман ба?
Мысалға менің біреудің қателігіне ызам келеді, бірақ тез ұмытамын.
Күйзелістен шығудың жолы-нирвана

Ол не сонда? :?
Күйзеліс деуге келмес, бірақ көңіл-күйім болмаған кездері ..... Қоғамда жүрген соң ешкіммен араласпау мүмкін емес. Сондықтан барынша ешкіммен сөйлеспеуге тырысамын. Егер біреулер мазалап, сөйлетуге тырысып жатса, айғайлап, немесе көңіліне тиетін "жылы-жылы" сөздер айтып тастауым мүмкін. :oops: Сосын бір ұйықтап тұрғаннан кейін ертесіне бәрі қалпына келеді.
Өмірді өзгерту үшін не істеу керек?
алға бір қадам, солға екі қадам жасау керек...
алға бір қадам, солға екі қадам жасау керек...

Толғырақ... толығырақ...
күйзеліске түссем, ешкімнің сұрағына жауап бермеймін, бәрін қиратып тастағым келіп тұрады, байқаусызда адамдарды ренжітіп аламын. Бірақ менің күйзелісім ұзаққа бармайды. Өзіме тез арада келе қаламын. Уағыз тыңдау, хадис оқу немесе Замира атты құрбыммен сөйлесу мені күйзелістен тез арада алып шығады.
күйзеліске түскенде бөлмеде отырып жылап аламын :cry: сонда жеңілдеп қалам :)