- Негізгі бет
- Психология
- Махаббатым ертегідегідей болсын...
Махаббатым ертегідегідей болсын десеңіз...
"Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол біздің ішімізде"
Луиза Хей
Өмірлік жарымызды біз, әдетте, өзіміз таңдаймыз. Ал сол таңдауды жасаудың алдында жақсылап ойлану керектігін қанша рет естідік? Нақтырақ айтқанда, нағыз махаббаттың барына көз жеткізу үшін бір-бірімізді танып, достасып, содан соң барып жақсы көру керек. Көп адам бастапқы «тәтті» кезеңді махаббатпен шатастырады. Ал романтика басылған соң ғашықтар сан түрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп, әртүрлі сынақтардан өтеді. Дәл осы кезеңде сіз «махаббат өшті» деген шешімге келуіңіз мүмкін. Шын сезімді сақтап қалу үшін оның жай ғана бар болуы жеткіліксіз, міндетті түрде сабырлық, төзімділік керек. «Махаббат бітті» деген жерде ол енді басталады...
Нағыз махаббатқа жету жолын тереңірек талдауға кірісейік.
♥ Бастапқы, «тәтті» кезең.
Бұл кезең шамамен 18 айға созылады. Бұл кезеңде сіз сүйіктіңізді мінсіз, керемет жан деп білесіз. Дәл осы шақтағы сезімді махаббат жайлы биік армандардың жетегінде жүрген адамның халімен салыстыруға болады.
Бұл кезеңде маңызды шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Себебі, уақыт өткен сайын бұл әсер бәсеңдейді. Сол уақытта сіз өкініп қалуыңыз мүмкін.
♥ Қанығу кезеңі.
Бұны психологтар кейде «аса қанығу кезеңі» деп те атайды. Бұл кезеңде қарым-қатынасыңызға деген көзқарасыңыз өзгереді. Бір-біріңізге үйреніп, сезім де тынышталады. Бұл – сезімнің өшуі емес, бір қалыпқа түсуі. Бұл кезеңде өзіңізді еркін ұстай бастайсыз.
♥ Жиіркену кезеңі.
Ұзақ уақытқа созылған қарым-қатынас бұл кезеңнен міндетті түрде өтеді. Ұрыс-керіс, бір-біріңіздің кемшіліктеріңізді бетке басу осы кезеңде болады. Бұл уақытта сіз айырылысуды жөн көруіңіз де ғажап емес. Ал олай болса, жаңа адаммен қарым-қатынас бастап, «тәтті» кезеңді өткеріп, осы кезеңге қайтып келесіз. Яғни, оны өткермейінше бұл құбылыс қайталана береді.
Сурет: ©Тимур Утешбеков
Оқи отырыңыз:
Махаббат теориясы: сезімді сақтап қалу
Болашақ жарым қандай болуы керек? #3
Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?
Ф. Абилова