Болашақ жарым қандай болуы керек? #3

Болашақ жарым қандай болуы керек? #3

Өмірлік жарымыз қандай болатыны бізге беймәлім. Алайда, қазірдің өзінде көптеген бойжеткен болашақ күйеуі қандай қасиеттерге ие болу керектігі жайлы ойланып, шешім шығарған.

Сонымен, болашақ жарыңыз қандай болуы керек?

1. Сіздердің құндылықтарыңыз бір болуы керек

Сіздің мақсатыңыз шаңырақ көтеріп, балалы болу, бақытты жанұя болу делік. Ал сүйіктіңіздің мақсаты үйде емес далада болса, араларыңызда түсініспеушіліктер мен реніш болуы ғажап емес. Сіздердің құндылықтарыңыз бір болуы керек. Сол себепті жұлдыздар көбінесе жұлдыздармен отау құрады.

Бұл орайда айта кететін жайт, құндылық міндетті түрде отбасы құру емес. Жас отбасылары кейде оқуды бір салада жалғастырып, аяққа нық тұрып алуды мақсат етеді. Міне, бұл да құндылыққа жатады.

Ал сіз үшін «құндылық» деген не?

2. Адал болу

Мұны айтудың өзі де ерсі көрінуі мүмкін. Алайда, қазіргі таңда статистикалық мәліметтер бойынша жарына адал болмаған адамдар пайызы біраз өскен. Бұл неден болуы мүмкін? Осыған дейін аталған қағидаларды дұрыс қабылдамаудан. Өмірлік жарды таңдау алдында толықтай сенімді болуыңыз керек.

Оның үстіне егер сіз жарыңызға адал болсаңыз, ол да сізге адал болады.

3. Болашақты армандау

Екеуіңіздің ортақ армандарыңыз болуы керек. Ол үшін жиі сөз қозғап, ой бөлісуіңіз керек. Үй, жаңа көлік, саяхат, жаңа жиһаз, техника болсын - бәрі-бәрі екеуіңізге ортақ арман болуы керек. Сонда ол арман қуатқа ие болып, тезірек орындалады. Армандаудан қорықпаңыз.

4. Өзіңіздің қалауыңыздан ұялмаңыз

Сіздің арманыңыздағы ханзада тек сіз үшін керемет көрінуі мүмкін. Ал басқа бойжеткеннің ханзадасы сіздікіне ұқсамайды. Яғни, егер сізге бойы сізбен бірдей жігіт ұнаса, онда тұрған ештеңе жоқ. Сіз қоғамда қалыптасқан стереотиппен жүруге тиісті емессіз. Ал егер өзіңізді де, өзгелерді де алдап, армандағы жарыңызды өзгелердікіне ұқсастырып айтып жүрсеңіз, өзіңізге ұнамайтын адамды кезіктіріп, сонымен отау құруыңыз ғажап емес.

5. Соңғы сөз

Аталған кеңестерді ескеріп, өзіңіздің болашақ жарыңызды кездестірдім дей алсаңыз, адал жар, аяулы ана боларыңызға күмәнданбаңыз.

Бақытты болыңыздар!

Сурет: ©Максим Акулов

Оқи отырыңыз:

Болашақ жарым қандай болуы керек? 

Болашақ жарым қандай болуы керек? #2

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...

Болашақ жарыңыздың анасымен қалай танысасыз?

Ф. Абилова